КРИШНАИТТАР АҚШ ПЕН ЕҚЫҰ-ҒА ШАҒЫНАДЫ

КРИШНАИТТАР АҚШ ПЕН ЕҚЫҰ-ҒА ШАҒЫНАДЫ

КРИШНАИТТАР АҚШ ПЕН ЕҚЫҰ-ҒА ШАҒЫНАДЫ
ашық дереккөзі
169

Қыркүйек айының соңында Варшава қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы) адам құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуы жайындағы Кеңеске Кришна iлiмi халықаралық қауымдастығының өкiлдерi қатысты. Ой, дiн және сана еркiндiгiне арналған пленарлық отырыста «Кришна iлiмi қауымдастығы» дiни бiрлестiгiнiң дағдарысы жайында сөз қозғалды. Олар Қазақстандағы аталған ұйым өкiлдерiнiң 26 үйiнiң қиратылып, 47 гектар жерi тәркiленгендiгiн көлденең тартты.

Дiни ұйым өкiлдерi бұны дiни азшылыққа Қазақстан үкiметi тарапынан жасалып жатқан қысым және төзе алмаушылық деп түсiндiруде. Қазақстан үкiметi бұның астарында «шаруашылық талас-тартыс» бар деген едi. Ал, аталған дiни бiрлестiк өкiлдерi «қуғынға тек индус-кришнаиттар ұшырап отыр, билiк өкiлдерi бұлармен көршi тұратын басқа дiн өкiлдерiнiң иелiгiндегi жерге де, үйге де көз алартқан жоқ. Олардың да иелiгiндегi жерлердiң құжаттары дұрыс емес» дегендi айтуда. Жиын барысында «Дiни бiрлестiк мүшелерiне қарсы олардың үйiн тартып алу, жерiн заңдастыруға қарсы кампания ұйымдастыру, дұға ететiн жерлерiнен қуу – «шаруашылық дау-дамайдың» аясынан шығып кетедi. Бұл әкiмшiлiк органдар тарапынан төзе алмаушылық пен қысым көрсетушiлiктi танытады» деген мағынада әңгiмелер айтылды. Жиынға қатысушылар бұл бағытта Қазақстанның билiк өкiлдерi тарапынан 40-қа жуық заң бұзушылық орын алғандығын айтады. Алайда, Дiн жөнiндегi мемлекеттiк комитет, басқа да билiк органдары бұл iстi қарауға құлықсыз делiнген онда. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердiң делегаттары бұл мәселеге бейжай қарауға болмайтындығын бiлдiрген. ЕҚЫҰ-дағы АҚШ миссиясының елшiсi Ричард Уильямсон өз мәлiмдемесiнде:

— Қазақстанның бұл бағытта ұстанып отырған саясаты ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердiң мойнына алған мiндеттерiне қайшы. Мәселен, Кришна iлiмi қауымдастығына тиесiлi жерлердi тартып алу Алматы облысында әлi де жалғасуда. 25 адамды үйсiз-күйсiз қалдырған. Сондай-ақ, аталған дiни бiрлестiк атына дақ түсiретiн әңгiмелер айтуда. Әрi «Дiндер туралы» Заңға дiни бiрлестiктердi тiркеуде қатаң талап қою жөнiнде өзгертулер енгiздi. Бiз ел үкiметiн ЕҚЫҰ сарапшыларының және аталған дау-дамайды шешу үшiн ЕҚЫҰ орталығының көмегiне жүгiнуге шақырамыз, — деген.

Сонымен қатар, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудi мақсат етiп отырғанын тағы бiр еске салып, кришнаиттардың мәселесi оңтайлы шешiлмесе, ол мүмкiн емес дегендi ескертiп өткен.

Жалпы, Қазақстанның ашық қоғам орнату мақсатында дiни бiрлестiктер мен миссионерлерге ұстанған тым солқылдақ саясаты, бiздi мiне, осындай деңгейге дейiн жеткiздi. Кришна – дәстүрлi дiндер қатарына жатпайды, оның өкiлдерiне көптеген мемлекеттерде тыйым салынған. Өйткенi, буддизмнiң бiр тармағы болып келетiн бұл дiннiң құдайы көп. Сол себептi де, көптеген араб мемлекеттерi аталған дiни бiрлестiктердiң өкiлдерiн есiгiнен де сығалатпайды. Ресейдiң өзiнде кришна өкiлдерiн жiбермеу туралы арнайы нұсқау бар. Тiптi, буддизмнiң отаны болып келетiн Қытай оларға есiгiн тарс жапқалы қашан. Демек, олардың сайран салып жүргенi – Қазақстан. Әрi өздерiнiң қауiптi iлiмдерiн барынша таратып, жұрттың санасын улап бiттi. Әрине, Қазақстанда дiни сенiм бостандығына жол берiлген. Бiрақ, солай екен деп ауа жайылуға да болмайды. Сонымен қатар, кез-келген мемлекет ЕҚЫҰ мен АҚШ салған қалыпқа түспеуi шарт. Әр елдiң өз даму жолы, дәстүр-соқпағы бар. Сондықтан, Қазақстанның билiк өкiлдерiнiң жердi заңсыз иеленген кришнаиттардың ұясын бұзғаны, өз бетiнше шешiм қабылдап, батыл қадам жасағаны Америка мен Батыс елдерiне ұнамай қалғанымен, ұлттық мемлекет құру жолында жасаған игi iсi деуге болады. Бiр қызығы, Қазақстанда тек кришнаиттардың ғана үйi бұзылып, иелiгiндегi жерi тартылып алынған жоқ, сондай-ақ, 300-дей қазақ отбасы да далада аңырап қалды. Оларға төленген жәрдемақы да, төлемақы да жоқ. Кришнаиттардың сыйынған Құдайы бар. Халықаралық қауымдастықтар мен оларды қаржыландырып отырған мемлекеттер жеткiлiктi. Ал, соңғы тиынын санап ауылдан көшiп келiп, әупiрiммен бiреудiң алдауына түсiп жер алған, оған қалтасын қағып отырып, үй тұрғызған, бiрақ, ақырында бар байлығынан ада боп, далада қалған қазақтың сөзiн кiм сөйлейдi? Бiздегi адам құқы жөнiндегi халықаралық ұйымдар да бұл жөнiнде дабыл қаға қойған жоқ. Керiсiнше, атасы басқа, дiнi жат кришнаиттарға қазақ даласынан ойып жер беруге үндеп, Үкiметке талай рет мәлiмдеме жасады. Егер, шынын қуып келсе, кришнаиттардың иелiгiндегi жердiң бәрi заңсыз алынған жерлер болғаны анықталған жоқ па? Елдiң, жердiң байлығын шетелдiктер заңсыз иеленуге болады, ал қазақтарға оған жол жоқ. Мiне, осының бәрi шетелдiктердiң, соның iшiнде Қазақстан төрағалық етуге қатты асығып отырған ЕҚЫҰ-ның жан аши қоймайтындығын танытады. Олар кез-келген жағдайда өз қолайына жағатын, өз мүддесiн көздейтiн идеяларды таңып, олардың жүзеге асуына ат салысатын болады. Бұл қазақ қоғамын iштей iрiту үшiн жасалып жатқан қадам. Бәрiнен де қауiптiсi – дiни алауыздық. Сол себептi де, халықаралық ұйымдардың шырмауынан қол үзiп, елдiң, ұлттың мүддесiн көздеуге ұмтылу керек.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары