«НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ» НҰРЛЫ ТҮН

«НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ» НҰРЛЫ ТҮН

«НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ» НҰРЛЫ ТҮН
ашық дереккөзі
283

Мiнеки қасиеттi рамазан айы да тәмамдалды. Құран түскен бұл айдың әрбiр түнi сыр мен нұрға толы. «Мың айдан артық» Қадiр түнi де осы рамазан айында. Берекелi рамазанның жиырма жетiншi түнiн Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетi биыл ерекше өткiздi.

Осы оқу орнының «Нұр-Мүбарак» мешiтi құлшылық жасаушыларға лық толды. Университет басшылығы мен ҚМДБ-ның Дiни уағыз, оқу-ағарту бөлiмiнiң меңгерушiсi Ә. Дәуренбеков бекiткен жоспар қасиеттi Қадiр түнiнiң сәттi, әсiресе құлшылықпен өтуiне көп септiгiн тигiздi. Бұл түнi «Нұр- Мүбарак» университетiндегi намаз, уағыз «Хабар» телеарнасынан тiкелей халыққа көрсетiлдi.

Университетте берiлген ауызашар мен сәресi көпшiлiктi бiр дастарқан басына жинаудың тамаша үлгiсi болды. Кешкi сағат сегiзден таңғы беске дейiн парыз, сүннет, нәпiл намаздар оқылып, имани, ислами тақырыптарда бiрқатар уағыздар айтылды. Қасиеттi Құран оқылып басталған нұрлы түнгi әуелгi құттықтау сөздердi «Нұр-Мүбарак» университетiнiң ректоры Мұхаммед Фаһми Хижази, проректоры Шәмшиддин Керiм алып, iзгi тiлектерiн бiлдiрдi. Одан соң Әбдiмүтәлiп Қайназарұлы «Қадiр кешi» туралы өте мәндi уағыз айтты.

Түнi бойы жасалған құлшылықтар арасында ұстаздар Әдiл Мархаба, Алау Әдiлбаев, Данияр Самад, Нұрлан және Қайрат т.б. әсерлi де әдемi уағыздарымен құлақ құрышын қандырса, докторлар Махфуз, Ато, Рида құттықтау лебiздерiн жеткiздi. Рамазан айының әйтеуiр бiр түнiне сәйкес келетiн Қадiр түнiн iздеген ниеттер қабыл болғай!

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетiнiң биылғы жаңалығы – исламтану факультетiне қыз балалардың қабылдануы. Олар осы кеште құлшылықтарымен қоса үлкен ұйымшылдықпен мешiтке келушiлерге, ораза ұстаушыларға өте жақсы қызмет көрсеттi. Жақында ғана университетке қабылданған қыздар иман-ибасымен сүйсiнттi.

Қасиеттi Қадiр түнi қарсаңында университет Құран жарысын өткiзген едi. Соның қорытындысы кеш барысында жарияланып, 1 курс тәлабалары жүлделi орындармен марапатталды. Бұл университетке талантты студенттердiң түскенiн бiрден аңғартады.

Лайым «Нұр-Мүбарак» жылдан-жылға осылай өсе бергей! Университет ұстаздары мен студенттерiне Аллаһ Тағала риза болғай!

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетi барша халайықты Ораза айтпен құттықтайды!

Күлпара ЖҰМАҒАЛИ

Серіктес жаңалықтары