“КАЗКОММЕРЦБАНК” НЕСИЕЛЕРI 2 ПАЙЫЗҒА ӨСТI

“КАЗКОММЕРЦБАНК” НЕСИЕЛЕРI 2 ПАЙЫЗҒА ӨСТI

“КАЗКОММЕРЦБАНК” НЕСИЕЛЕРI 2 ПАЙЫЗҒА ӨСТI
ашық дереккөзі
258

Әлемдiк қаржы нарығындағы тұрақсыздық қазақстандық банктерге де әсерiн тигiзбей қоймаған сыңайлы. Осы орайда, өткен аптаның сейсенбiсiнде "Казкоммерцбанк" АҚ-тың басқарушы директоры Андрей Тимщенко "Комсомольская правда" газетiмен бiрлесе отырып, тiкелей телефон өткiзген едi. Бiрлескен тiкелей телефонның басты мақсаты — көпшiлiкке бүгiнгi қаржы нарығындағы тұрақсыздық мәселелерi, ипотека мәселесi, доллардың аяқ асты көтерiлуi, несиелiк жүйе төңiрегiнде көпшiлiктi мазалап жүрген сауалдарға жауап қату.

Бiр сағаттан аса уақытқа созылған тiкелей телефон барысында көпшiлiктiң көкейiнде жүрген көптеген сауалдар қойылды. "Әлемде болып жатқан ипотекалық дағдарыс Қазақстан банктерiне де тiкелей әсер етедi. Мәселен, сырттан үлкен мөлшерде қарыз алған "Казкоммерцбанктiң" инвесторлары өз қаржыларын кейiн алып қояды деген сыбыстар да ел арасында кеңiнен тарап жүр. Бұл АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың доллар бағамының тұрақсыздығы сынды жағдайлардың бiр-бiрiмен қабаттаса келуiнен пайда болған сыбыс. Иә, расымен де "Казкоммерцбанктiң" сыртқы қарызы үлкен. Алайда, оның барлығы ұзақ мерзiмге жасалған келiсiмдер. Сондықтан, бiздiң инвесторлар өз қаржыларын кейiн алып қояды дегенге негiз жоқ", — дейдi Андрей Тимщенко.

Көптiң көңiлiнде жүрген тағы бiр мәселе депозиттер жайы болды. Банк депозиттерiне ақшаны теңгемен салған дұрыс па, әлде валютамен өткiзген тиiмдiрек пе деген сауалға Тимщенко: "Егер ұзақ уақытқа салатын болсаңыздар, теңгемен салғандарыңыз жөн болар едi", — деген жауап қайырды.

Сонымен, әлемдiк қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ несиелерiнiң пайыздық мөлшерлемесi 2 пайызға өстi.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары