АСАНБАЙ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТI

АСАНБАЙ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТI

АСАНБАЙ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТI
ашық дереккөзі
300

Өткен аптаның сенбi күнi көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Асанбай Асқаровтың 85 жылдығына орай ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Конференция тақырыбы «Асанбай Асқаров – қоғам, экономика, саясат» деп аталынған. Оны Қазақстан Жазушылар одағы, Д.Қонаев атындағы халықаралық қор, М.Х.Дулати атындағы қоғамдық қор ұйымдастырды. Конференция Алматыдағы «Анкара» қонақ үйiнде болды.

Алқалы жиынды Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президентi, мемлекет және қоғам қайраткерi Кеңес Аухадиев ашып, Асқаров конференциясының мәнiн жеткiздi. Негiзгi баяндаманы экономика ғылымдарының докторы Оразәлi Сәбден жасады. Ол –Асқаровтың өмiрi мен қызметiне кеңiнен тоқталып, сөзiн бiрнеше құнды ұсыныстарымен аяқтады. Сөз алған ҰҒА академигi Мұрат Жұрынов: «Асқаров ғылыммен айналысқанда, тамаша тарихшы болар едi. Әдебиетпен айналысқанда, тамаша жазушы болар едi» деп бағалады. Академик Көпжасар Нәрiбаевтың баяндамасы тыңдаушылардың көңiлiнен шықты.Ол Асқаровтың шығармашылығын тереңнен талдай келiп, мәнiн ашып бердi. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин де Асқаровтың поэзиядағы талантына ерекше тоқталды. Қыздар Педагогика Университетiнiң ректоры Шәмшия Беркiмбаева өз сөзiнде Асқаровтың басшылықтағы рөлiн жаңа қырынан танытты. Ақын Тұманбай Молдағалиев те ағынан жарылған естелiктерiмен залдағыларды күлкiге бөледi.

Конференция соңынан М.Х.Дулати қоры дайындаған Асанбай Асқаровтың 4 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсiмi болып, кiтаптар көпшiлiкке тегiн таратылды. Түстен кейiн «Қабылдау үйiнде» ас берiлдi.

К.АДЫРБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары