II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ашық дереккөзі
276

Бүгiн Астана қаласында KazEnergy II Еуразиялық Энергетикалық форумы өз жұмысын бастайды. Естерiңiзде болса, бұл форум алғашқы қадамын былтырғы жылы осы уақытта аттаған болатын. Оған Үкiметтiк мекеме қызметкерлерi, мұнай және газ компанияларының өкiлдерi мен сарапшы мамандардан 200-дей делегат қатысып, ойларын ортаға салған-ды.

Бұл форумды өткiзудегi басты мақсат – мұнай-газ саласы төңiрегiнде орын алып жатқан күрмеуi көп мәселелер мен экономиканың дамуы жөнiндегi жайттарды талқыға салу. Екi күнге созылатын аталмыш форумды ашық деп жариялау үшiн премьер-министр К. Мәсiмов пен KazEnergy қауымдастығының төрағасы Т.Құлыбаев сөз алады. Бұдан соң, осы салаға қатысы бар министрлер мен компания басшылары баяндама жасап, пленарлы мәжiлiстi қыздыра түспек. Сол сияқты ҚР Көлiк және коммуникация министрi, Ауыл шаруашылық министрi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қызылорда облысының әкiмi, «Қазына» тұрақты даму қоры, Дүниежүзiлiк банк және Еврокомиссия өкiлдерi, отандық және шетелдiк компания басшылары, ғылыми-талдау мекемелерiнiң қызметкерлерi «ҚР мұнай-газ және энергетикалық жобаларының әлеуметтiк және экологиялық дамудың аспектiлерi» тақырыбында жан-жақты сараптама жасайды. Ал форум арасында өткiзiлетiн баспасөз мәслихатында сарапшылар қазақстандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат өкiлдерiнiң сауалдарына жауап бередi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары