«ЖЕР ЖӘНЕ УАҚЫТ»

«ЖЕР ЖӘНЕ УАҚЫТ»

«ЖЕР ЖӘНЕ УАҚЫТ»
ашық дереккөзі
300

Кеше Президенттiң мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Конституция күнiне арналып «Жер және Уақыт» атты көрме ашылды.

Көрмеге елiмiздегi көрнектi қылқалам шеберлерiнiң жетпiстен астам озық туындылары қойылды. Бұл – Әбiлхан Қастеев атындағы Өнер музейiнiң көркем дүниелерi ғана болып саналмайды, бұл – халқымыздың қылқалам өнерiндегi аса биiк туындылары. Көрмеге қойылған туындылардың көбi көпшiлiкке энциклопедиялық шығармалардан, түрлi суреттi альбомдар мен кiтаптар арқылы бұрыннан жақсы таныс. Олардың арасында қазақтың бiртуар азаматтары — Әбiлхан Қастеев, Сахи Романов, Арий Школьный, Гулфайрус Исмаилованың да қолтаңбалары бар. Сондай-ақ, қазақтың мықты қайраткерлерiнiң түр-тұлғасы бейнеленген сұлу портреттерiн де көрмеден таба аласыз. Ол жерде жас Абайды да, режиссер Шәкен Аймановты да, композитор Сыдық Мұхамеджановты да, ақын Жамбылды да кездестiресiз.

Тағы бiр қызығы, көрмеге қойылған көркем дүниелердiң көпшiлiгi дерлiк, 50-60 жылдардың туындысы. Сол жылдардағы қазақ өнерiнiң табиғатын көрсететiн көркем дүниелер әлi де құнды, әлi де маңызды. Көрнектi қылқалам шеберлерiнiң туындыларының қатарында жастардың да бiрлi-жарым дүниелерiн кездестiруге болады. Бүгiнгi көзқарас, бүгiнгi пайым, бүгiнгi дүние-таным, жастардың шығармаларында мүлдем жаңа қырынан көрiнген. Конституция мерекесiнiң қарсаңында ашылған көрмеден байқағанымыз, қазақтың сәулет өнерi мен көркем сурет өнерi қай кезде де өзiнiң мән-маңызын жоғалтпайтындығы.

Серіктес жаңалықтары