ӘНҰРАНДЫ АЙТҚЫЗБАҒАН КIМ?!
ӘНҰРАНДЫ АЙТҚЫЗБАҒАН КIМ?!
Газетiмiздiң 5 шiлдедегi санында Жадыра Нұрмаханованың «Түбiмiз бiр болғанымен түрiк емеспiз» атты мақаласы жарық көрген едi. Араға айлар салып, аталмыш мақалаға орай, сонау түрiк елiнен, Анкара қаласынан үшбу хат келiптi. Алыстан самғай ұшып келген автордың мақаласына қалам тигiзбей, қаз-қалпында жариялауды жөн көрiп отырмыз.
Менiң аты-жөнiм – Яшар Шаһиноғлы. Құдай несiп қылды, Түркiстан деген қасиеттi қалада алты жарым жыл жұмыс iстедiм. Түркия Республикасының азаматы болғаныммен мен өзiмдi сiздерден ешқашан бөлекпiн деп ойлаған емеспiн! Менiң ата-бабаларым Қазақ деп сенемiн! Бұл жайтқа сенетiн де адам болады, сенбейтiн де! Осы күнiмiзде қытайлықтар бiр жарым миллиардтан асқан азамат санымен дүниедегi ең үлкен мемлекет болып өмiр сүрiп жатыр. Бүгiн Қазақстанымыздың адам саны сiзше тек қана 15-16 миллион ба? Осының iшiндегi қалған халықтарды санамасақ 7-8 миллион Қазақ бар деп айтуымыз керек пе? Бiр жақта бiр жарым миллиард қытай, қасында бiздер 7-8 миллион! Сондай ма? Бұл дұрыс емес, қымбатты ағаларым, бауырларым! Менiңше бүкiл дүниеде 300 миллионнан асқан Қазақ бар! Мен де Қазақпын және бақыттымын.
Қымбатты ағаларым, бауырларым, қарындастарым бұл жайтты бүкiл балаларымызға, қыздарымызға жақсы түсiндiруiмiз керек деп ойлаймын.
Өйткенi, газеттерiңiзде Қожа Ахмет Иассауи Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң студентi Жадыра Нармаханова атты қарындас бiр мақала жазыпты. Сол мақаланың аты «Түбiмiз бiр болғанмен, түрiк емеспiз» деген. Сол мақаласында қарындас түрiктер туралы көп әңгiме айтқан. Мен туралы да жазған, бiрақ бәрi де дұрыс емес! Ол форумды ұйымдастырған мен емес, қала әкiмшiлiгi! Мен және менiң қызметiмде жұмыс iстейтiндер бәрiмiз оларға көмектесiп, жұмыс атқарып тұрамыз қашан бiр программ болса! Университет және Мәдениет орталығы қашан программ ұйымдастырса мiндеттi түрде Қазақ әнұраны айтылады! Осы форумды дайындаған ұйымдастыру алқасы сондай шешiм қабылдаған және ешқандай елдiң әнұраны айтылмасын деп шешiм қабылдап, программаларына да кiргiзбептi. Мен олардан сұрадым: «Бұл дұрыс емес, мiндеттi түрде Қазақ Әнұранын ойнау керек», деп! Олар менiң ескертуiме назар аудармай, «жоқ« деп айтты. Әйтпесе қарындас алдын-ала қалай үйренiп, бiлiп те маған келiп сұрады? Өйткенi, бағдарламада жоқ екен және де дыбыс қызметкерiне де солай айтқан! Қарындас дұрыс айтпайды.
Бiрiншiден, мен – Қазақпын! Қазақ Әнұраны менiң де әнұраным! Қаншама азамат Әнұранды жақсы бiлсе, айтса мен қуанамын және мақтанамын! Менiң қазiргi жұмысымда Түркияда Ахмет Иассауи бабамызды бүкiл елге танытып «Ахмет Иассауи қоры» деген мекеменiң директоры болып жұмыс атқарып отырмын. Қарындасымыздың осы қате сөздерiне жүрегiм қатты ауырды! Қазақстан менiң отаным! Көп сөз жазғым келедi, бiрақ келесi жолы жазамын тағы да!
Аман-есен қалыңыздар! Газеттерiңiзде жұмыс атқаратын бүкiл бауырларыма, қарындастарыма үлкен сәлем!
Анкара қаласы, Түркиядан.