АЛМАТЫДА ӨТКЕН ЖИЫН

АЛМАТЫДА ӨТКЕН ЖИЫН

АЛМАТЫДА ӨТКЕН ЖИЫН
ашық дереккөзі
409

Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары кеңесiн одан әрi нығайту және дамыту мақсатында (АӨIСШК) шiлденiң 17-18 күндерi Алматыда осы Форумның Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) кезектi отырысы өттi.

АЖТ жұмысы Сенiм шаралары каталогының ережелерiн имплементациялау жөнiндегi Аға лауазымды тұлғалар комитетiнiң ағымдағы жылдың наурыз айында Бангкокте (Тайланд Корольдiгi) өткен отырысының шешiмдерiн орындауға, АӨIСШК сенiм шараларын жүзеге асырудың кооперативтiк қадамдарын және АӨIСШК-нiң сыртқы байланыстары туралы Ереженi, сондай-ақ Хатшылық қызметiнiң қаржылық және әкiмшiлiк аспектiлерiн жүзеге асыруды әрi қарай iлгерiлетуге бағытталды.

Атап айтқанда, ынтымақтастықтың таңдап алынған бағыттары бойынша АӨIСШК-ге мүше мемлекеттердiң АӨIСШК сенiм шараларының орындалуын үйлестiру барысы талқыланады. Соның iшiнде ағымдағы жылдың 27 маусымында Астанада сарапшылардың арнайы кездесуiнде әзiрленген, Қазақстан үйлестiретiн, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың iс-әрекеттер жоспары және тұжырымдама жобалары да бар.

Сондай-ақ, АЖТ жұмысының аясында мүше мемлекеттер АӨIСШК, ЭЫҰ және ЕурАзЭҚ хатшылықтары арасындағы өзара түсiнiстiк туралы Меморандум жобаларын қарап, АӨIСШК атқарушы директорының Түркия мен Иранға жұмыс сапары жөнiндегi есебiн тыңдады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы әзiрлеген және 2008 жылы Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң III отырысында қол қою күтiлiп отырған, «АӨIСШК хатшылығының құқықтық қабiлетi, басымдықтары және иммунитеттерi туралы» АӨIСШК мүше мемлекеттерi арасындағы Конвенцияның жобасы талқыға түстi.

Түркiстан-ақпарат

Серіктес жаңалықтары