САУДА ЕМЕС, САУЛЫҚ КЕРЕК
САУДА ЕМЕС, САУЛЫҚ КЕРЕК
Алматы тұрғындарының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етiп отырған орталық «Алтын Орда» базары. Мұнда киiм-кешекке қарағанда азық-түлiк, оның iшiнде қызанақ, қияр және де жемiс-жидектердiң бағасы арзан. Негiзiнен бұл өнiмдер «Алтын Ордаға» Ташкент пен Қытайдан әкелiнедi. Ташкенттен келетiн өнiмдер күннiң қызуы, судың сiңiрiлуiмен уақытысында пiседi. Сондықтан да сапасына қарай, бағасы да қымбат. Ал Қытайдан келетiн өнiмдерге көп жағдайда табиғи дәмдiлiк жетiспейдi. Өйткенi өнiмдер керек қуатты жылыжайдан алып, күннiң көзiнiң орнына, электр тогынан алады. Бұл өнiмдердiң ұзақ жолға шыдас бермейтiндiгi аздай, адамдардың iш ауру, ұшыну сынды ауруларға әкелiп соқтырады, сонысына қарамай Қытай өнiмдерiнiң түр-түсi әдемi әрi бағасы да арзан.
Алматының үлкендi-кiшiлi көшелерiнде шағын, орта және көлемдi түрде ашылып жатқан базарлар көп. Ондағы заттардың бағасы да әр түрлi. Жаз айы — адам организмiнiң әлсiреп, жұқпалы ауруларды тез қабылдайтын уақыты. Бұған қарсы ем — құнарлы тағаммен қатар жемiс-жидектердi жеу керек. Ал тұрғындардың уақыты болып, қалтасы көтерсе «Алтын Орда» базарындағы құны 60-70 теңгелiк қызанақ пен қиярды М.Әуезов пен Ж.Жабаев көшелерiнiң қиылысындағы «Алматы сауда» базарынан 150-250 теңгеге ала алады. Алайда тұрғындар қызанақ пен қиярдың отандық па, дәмi тұзды ташкенттiк пе әлде кермек дәмдi қытайлық па — айырып жатқан сатушы не тұтынушы да жоқ. Бiрiнiң сапалы, бiрiнiң сапасыздығына қарамай тонналап келетiн өнiмдер Алматы базарына таңертең келсе кешке дейiн ештеңе де қалмайды. Келген өнiмдердi көтерме бағамен сатып алатын «Алтын Орда» сатушылары, сауда тарқағанда келетiн «Оптовка», «Көк базар», «Тастақ» және «Барахолканың» белдi саудагерлерiне 40 теңгеден 60 теңгеге дейiнгi деңгейде сатады. Олар өз орындарына келiп, тұтынушылардың санына қарай бағаны белгiлейдi. Қазiр сауданы жүргiзiп тұрған қияр мен қызанақ ал, жемiстерден банан, шабдалы және сары өрiктер бар. Бұларды бiздер «Алтын Орда» базарынан қияр мен қызанықты 50-60 теңгеден, аталған жемiстердi 40, 200,100 теңгеден аламыз. Ал «Көк базардан» азық-түлiктi осы шамадағы бағамен сатып алғанымызбен, сатушылардың «таразыдан жеу» деп аталатын қақпанына қалай түскенiмiздi бiлмей қаламыз. Сондай-ақ аялдамада, саябақта және де көше қиылысындағы дүңгiршiктерде жемiс-жидектердiң бағасы ұшып тұр. Мәселен, шабдалы — 500 теңге, алма — 300 теңге, сары өрiк — 200 теңге, жүзiм — 500 теңге, сәбiз — 150 теңге, пияз — 100 теңге. Ал «Алтын Орда» базарында жоғарыда аталған өнiмдер бiр-екi есе кем бағамен сатылады. Әрине, сатушының халық тұрмысымен санасып, бағаны орташа не жоғары деңгейде қоюы өз еркiнде. Өнiмнiң үстiне бағаны бiрге бiр қою арқылы саудагер, өнiмдi әкелген жолына, базардағы орнына күнiне беретiн 800 теңге салығына, тағы да «тазалық үшiн» деп апта сайын беруi тиiс 350 теңгеге қоса, күнделiктi және кешкi асқа шығатын қаржыны өтеуi керек. Ең бастысы, отбасы мүшелерiнiң күнделiктi ас-суын, келесi өнiмге жұмсалып, айналымда тұратын қаржыны есептегенде, сатушының бiр аптадағы табысы кейде 10 мың, кейде 20 мың теңгенi құрағанымен, шығын қашанда кiрiспен қатар кетiп тұрады. Ал көше қиылысы мен түрлi мекемелер алдындағы «ғарыштық баға» иелерiнiң қалтасына күнiнiне қанша қаржы түсетiнiн өзiңiз ойлап көрiңiз?
Тағы бiр түсiнiксiз нәрсе — дүкен сөрелерiндегi отандық өнiмдердiң әр дүкенде әр түрлi бағамен сатылуы. Осы мәселенi анықтау мақсатында бiрнеше дүкен иелерiне жолыққанымызда:
— Бiздер тауарды кез-келген орындардан алмаймыз. Мысалы жергiлiктi «Рахат» фабрикасынан шығатын құны 50 теңгелiк конфет түрлi сауда орындарына түскенде оның үстiне 25 пайыздық баға қосылады. Себебi, дүкен сол арқылы сауда айналымындағы ақшасын, қаруындағы жұмысшыларының жалақыларын өтеуi тиiс. Егер дүкенге салынатын салық мөлшерi жоғары болған жағдайда, онда баға да көтерiңкi болады. Қазiр дүкендердiң көбiсi жеке қаржысымен ашылатындықтан, әлгi жиырма бес, отыз пайыз сынды тауар берушiлердiң талабына бағынбайды,— дейдi «Сумбул», «Столичный» дүкендерiнiң қызмыткерлерi.
«Супер», «Минни» және «Әмбебап» деген алдында таңбашасы бар сауда үйлерiнде нанның түрлерi көп. Кейде осы әдемi нандарымыз өздерiнiң небары 200 грамдық салмақтарын ақтамай арамдық жасайтын кездерi бар. Әсiресе күзге салым нандардың iшi суланып кетедi. Тұрғындармен қатар дүкен қызметкерлерi де әбiгерге түседi. Нанның осылай бүлiну себебi, алдыңғы жылдан қамбада ылғал күйiнде қалған бидай жаңа илеуге кетiп бара жатқан бидаймен араласады да, нан iшiнде былжырап дұрыс пiспейдi және көңiрсiген исi шығып тұрады. Ал мұны нан дүкендерi өздерiне тауар жеткiзетiн «Ақсай» сынды үлкен наубайханаларға айта алмайды. Себебi, жазықты тек «Ақсай» емес, бидай жеткiзушiлер болып табылады. Нанның толымсыз болуын тұтынушылар әлбетте дүкеншiлерге үлкен айқаймен жеткiзедi. Дүкеншiлер нанның пiсiрiлу кезiндегi шикiлiгiн кәсiпорын басшысына тағы да айта алмайды. Айтса да «Нанға көңiлiңiз толмаса келiсiм-шартты бұзыңыз» деп шығарып салады. Тұтынушысынан айрылғысы келмейтiн дүкен басшылығы жұмған аузын қайта аша алмай күз өтiп, қыс келгенше күтуiне тура келедi.
Осындай тұрғындардың талабымен санаспайтын сауатсыздығымыз айналып келгенде денсаулығымыздың нашарлауына әкелiп соқтыруда. Сондықтан да жеке мүдденiң көксегенiн сәл де болса кейiнге шегерiп, отандық өнiмдердiң құндылығын арттыра түсуiмiз керек.
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА