ҚАЗАҚ ПЕН МАЖАР БIР ТУҒАН

ҚАЗАҚ ПЕН МАЖАР БIР ТУҒАН

ҚАЗАҚ ПЕН МАЖАР БIР ТУҒАН
ашық дереккөзі
430

Қазақстан мен Мажарстанға белгiлi ғалым Иштван Қоңыр Мандоки қазақ пен мажардың жақындығы мен туыстығын жан-жақты зерттеп, оның шығу тегiн, ұқсастық белгiлерiн анықтап, сол жолда тынбай еңбек еттi. Оның жары Оңайша Мандоки да бүгiнде «Кумания» кун-қыпшақ орталығының мәдени бөлiмiн басқарып, қазақ пен мажар халқын жақындастыруға үлес қосып келедi. Ал осы орталықтың спорт бөлiмiнiң жетекшiсi әрi антрополог Биро Андраш Иштван Қоңыр ағасының еңбегiн ары қарай зерттеудi мойнына алыпты.

Естерiңiзде болса, қазақ күресiнен өткен әлем бiрiншiлiгiне балуандар әкелген Биро Андраш мырза бұл жөнiнде сұхбатта айтқан болатын. «Қазақстанға белгiлi ғалым, антрополог Оразақ Ысмағұлов Будапештке барғанда осы ғылыми жұмыстың тақырыбымен кеңiнен танысып, әңгiмелестiк. Ол зерттеу жүргiзуiне әрдайым қолұшын беретiндiгiн айтқан едi. Мiне, сол ғалымның арқасында Торғай өңiрiне бiр емес екi рет iссапармен барып, қазақ пен мажардың өзара туыстығын ғылыми түрде анықтауға жолым түстi» дейдi ол.

Торғай облысында бұрын да, қазiр де мадияр (мажар) деген ру болған. Осы мадияр руының Мажарстандағы мажар ұлтымен туыстық белгiлерiн салыстыруды мақсат еткен Биро Андраштың бұл саланы қолға алғанына 10 жылдан астам уақыт өткен. Бұған ең басты дәлел – екеуiнiң де Орта Азиядан шыққандығында. Сонымен, «бастаған iсiмдi соңына жеткiзуiм керек», деген ол былтыр Торғай облысына екiншi рет барады да, жергiлiктi тұрғындарға антропологиялық зерттеу жасап, генетикалық талдау негiзiнде адамдардың тiлiнен сiлекейiн алған. Оны Мажарстандағы арнайы зерттеу орталығына өткiзедi. Мұның бәрi қыруар қаржыны талап ететiнi анық. Соған қарамастан, ғылыми жұмыс зерттелуге жiберiлiп, оң нәтиже берiп үлгердi. Биро Андраштың қуанышында шек жоқ! «Өзiм ойлағандай қазақ пен мажардың қаны да, жаны да ұқсас боп шықты» дейдi ол ағынан жарылып. Бұл қуанышты әрi сүйiншi хабарын туыстарымен бiрге бөлiскiсi келген мажарлық 20 делегат жақында Торғай облысы, Арқалық қаласына барды. Арнайы ғылыми конференцияда сөз алған олар еңбектерiнiң жанғанын ғылыми түрде саралап жеткiздi. Артынан ұлан-асыр той болып, қазақтың ұлттық спорт түрлерi мен ойындарынан көрiнiс берiлдi.

Антрополог, зерттеушi Биро Андраштың айтуынша, басқаларға қарағанда қазақ пен мажар әу бастан бiр-бiрiне жақын, өте ұқсас. Сондықтан да Торғайдағы мадияр руының арғы тегi, түп негiзi әрiде жатыр.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары