ПРЕЗИДЕНТТIК СЫЙЛЫҚ — ЖУРНАЛИСТЕРДЕ

ПРЕЗИДЕНТТIК СЫЙЛЫҚ — ЖУРНАЛИСТЕРДЕ

ПРЕЗИДЕНТТIК СЫЙЛЫҚ — ЖУРНАЛИСТЕРДЕ
ашық дереккөзі
437

Қазақ журналистикасы тарихында соңғы он жылдан берi үзiлмей келе жатқан жақсы үрдiс бар. Ол — Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы мен грантының төл мереке қарсаңында тiлшi қауымға табыс етiлуi.

Халықтың "көзi, құлағы һәм тiлiн" жеткiзуде журналистердiң де еңбегi ұшан-теңiз. Жарғақ құлақтары жастыққа тимей, қай жерде ақпарат болса, сонда жүретiн тiлшi қауымның еңбегi ақталатын күн — дәл мереке қарсаңы. Бұл күнi талай жылдардан берi журналистиканың "отымен кiрiп, күлiмен шыққан" нағыз майталман дарабоздар ғана Елбасы атынан табыс етiлетiн ең үлкен сыйлықтарға ие болады. Сондай жандардың бiр шоғыры, биыл да Елбасы атынан ұсынылған арнайы гранттарды иемдендi. Олардың қатарында: ұзақ жылдардан берi деректi фильм саласында еңбек етiп келе жатқан Анатолий Лаптевке, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң проректоры Намазалы Омашевқа, қазақ тележурналистикасының дамуында өзiндiк қолтаңбасын қалдырған белгiлi журналист, "Хабар" телеарнасының талантты тележүргiзушiсi, марқұм Бейбiт Құсанбекке Президент сыйлығы табыс етiлдi. Сыйлықты марқұмның жолдасы мен ұлы қабылдап алды.

Ал, бiр топ әрiптестерiмiзге Президент гранттары берiлдi. "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетiнiң бас редакторы Бауыржан Омарұлы, "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық-саяси газетiнiң бас редакторы Анар Бәкiрова, Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетiнiң шығармашыық ұжымы мен "Астана қаласы теледидары" ЖШС-нiң шығармашылық ұжымы грант иегерлерi атанды.

Сонымен қатар, бiрқатар әрiптестерiмiз Елбасының Алғысына ие болды. Алғыс хатты иемденгендердiң арасында "Егемен Қазақстан" газетiнiң бөлiм меңгерушiсi Сүлеймен Мәмет, "Ана тiлi" газетi бас редакторының орынбасары Дағжан Белдеубай, "Нұр-Астана" газетiнiң шолушысы Құралай Рахымбаева және "Шалқар-2" газетiнiң шығармашылық ұжымы бар.

Тiлшi қауымға ұсынылған Президент сыйлығы мен гранттарын Мемлекеттiк хатшы Қанат Саудабаев табыс еттi.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары