ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI К.Қ.МӘСIМОВКЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI К.Қ.МӘСIМОВКЕ
Құрметтi Кәрiм Қажымқанұлы!
Соңғы бес жылда Қазақстан халқы 5050 мыңға өстi. 2007 ж. 15,4 миллионға жеттiк. Жыл сайын бар болғаны бiр пайызға ғана өсiп отырмыз. Елбасымыз халық санын жиырма миллионға жеткiзудi межелеп отырғанын естiдiк. 2001 жылдың отызыншы қазанындағы №1380 үкiмет қаулысымен демографиялық дамудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекiген едi. Қазiр мерзiмi бiттi. 2004 жылдың соңында миграция және демография жөнiндегi агенттiк тарады. Оның функциясы ЕӘҚ министрлiгi құрамындағы миграция жөнiндегi комитетке берiлдi. Сонымен, бiзде бүгiнде мемлекеттiк орган да жоқ, сондай-ақ нормативтiк құқықтық құжат та жоқ. Айта кету керек, ескi бағдарламаның негiзгi бағыттары мен басымдылықтары демографиялық реттеу жолдарын терең қамтуға дәрменсiз болды. Сондықтан, нәтиже де бәлендей болмады.
Мәселе толғақты күйiнде қалып отыр. Осындай ұланғайыр даламызда халық санының аздығы, сирек қоныстануы, мемлекет дамуында тұрақсыздықты туындатудың себебi болуы мүмкiн. Сондықтан, көптiкке жетер байлық жоқ. Тәуелсiздiгiмiздiң баяндылығы, қорғану қабiлетiмiз осы жәйтке бағынышты. Еңбек нарығындағы проблеманы шешу ғана емес, генетикалық мәдени қуатымызды сақтау үшiн де керек. Аздың жұтылуы да оңай. Сондықтан да бұл мәселе тым маңызды. Осы орайда бiрнеше ұсынымыз бар:
1.Азаматтардың репродуктивтi денсаулығын қорғау мәселесiн күшейту.
2. Сонымен қатар, жасанды түсiкке тыйым салу. Жасанды түсiк кесiрiнен әйелдер гинекологиялық дерттерге ұшырап, бедеулiкке ұрынып, әртүрлi науқастарға шалдығып жатады.
3. Арнайы әдебиеттердi басып шығару, БАҚ-тағы үгiт-насихат, жоғары оқу орындарында уағыз жасау т.б. жолдарменен отбасы институтын күшейту.
4. Өлiм-жiтiмдi, әсiресе, балалар өлiмiн азайту. Балалар дәрiгерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру.
5. Халықтың әлеуметтiк-экономикалық мұқтажын қанағаттандыру үшiн жағдай туғызу.
Бүгiн экологиялық нәубет салдарынан ба, әлде басқа да себептермен бе, бұрынғы әйелден бүгiнгi әйелдiң денсаулығы көп төмен. Көп бала туу бүгiнде қиынырақ. Ауылды жерлерде әйелдер бұрын жетi немесе одан да көп бала туса, бүгiнде бесеуден асу ауыр болып отыр. Сондықтан батыр аналарға қойылатын талаптың шегiн екi балаға төмендету шарт. Сондай-ақ көршi Ресейдiң үлгiсiне жүгiнiп, әрбiр туған екiншi, үшiншi балаға материалдық көмектiң көлемiн елеулi дәрежеде көтеру керектiгiн қажет деп бiлемiз.
Әлеуметтiк пакеттiң тиiмдi үлгiсiн қарастырған абзал. (Қалалық типтегi поселкiден төмен емес елдi мекеннен адам басына он бес шаршы метрден кем түспейтiн көлемдегi баспана берудi үкiмет қамқорлығына алуы қажет).
6. Идеологиялық саясат, белсендi ақпараттық насихат жұмысы.
Материалдық ынталандыру үнемi оң демографиялық эффект бере бермейдi. Оған Еуропа елдерi дәлел. Осы орайда мемлекет мынандай жалпы ұлттық шараларды дайындау қажет:
Ел санасына «бiз көптiгiмiзбен көрiктiмiз, молдығымызбен мықтымыз» деген қағидатты сiңiру. Патриоттық сезiмдi тәрбиелеу, салауатты өмiр салтын уағыздау.
Балаларға арналған ақысыз спорт үйiрмелерiн ашу. Есiрткi мен алкоголизмге қарсы күрес секiлдi идеологиялық шаралар.
6. Ана болу бақыты тақырыбына арналған әртүрлi лекциялар, қажеттi методикалық және анықтамалық материалдар дайындау.
7. Көшi-қонды реттеу. Тарихи Отанына келген оралмандарға жағдай туғызу. Көптеген оралмандар Қазақстанға келгенде жергiлiктi мемлекеттiк органдар тарапынан әрқилы келеңсiз жағдайларға душар болады. Сондықтан бейiмдеу орталығын құру қажеттiлiгi туындап отыр. Тiлдiк ортаның болмауы, құқықтық кеңестен кенде қалуы, практикалық көмектiң болмауы, орыс тiлiн бiлмегендiгiн басыну, парақорлыққа душар болуы, алаяқтыққа ұрынуы секiлдi негативтi факторлар оралмандардың тарихи отанына деген құлшынысын шектейдi. Оралмандар құқығын қорғайтын нормативтiк актiлерге қажеттi өзгерiстер енгiзiп, олар жер учаскесi мен баспана алуда ерекше жеңiлдiктер беру керек (льготный статус). Сол кезде оралмандардың ағыны күшеймек.
8. Бойдақтарға және мүмкiндiгi бола тұра баладан бас тартқан азаматтарымызға салық салу.
Ендi бұл депутаттық сауалдың мақсаты барлық демографиялық жағдайды жақсарту шараларын тiзiп шығу емес. Аса маңызды мәселеге көпшiлiк назарын аудару. Сондай-ақ демография жөнiнде заң қабылдау уақытының жеткендiгiн ескерттi. Сонымен қатар арнайы мемлекеттiк органның құрылу мәселесiн қарастыру және ол орган нақты демография саласында мемлекет саясатын iске асырмақ;
– Халықтың сандық және сапалық дамуына жағдай туғызатын билiктiң барлық тармақтары мен қоғамда ортақ мақсатқа негiзделген қалыпты жүйелi стратегияны жасау;
– Халықтың этникалық құрылымындағы өзгерiстердi талдап зерттеу;
– Осы саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
Аталмыш ұсыныстарды түбегейлi қарастырып, осындай заң жобасын ұсынсаңыздар. Заң қабылданбайынша қандай да бiр бағдарлама, жоспар және басқа да құжаттарды қабылдаудан нәтиже шамалы, себебi олар белгiлi мерзiммен шектелiп қалмақ. Сондай-ақ заң секiлдi құқықтық қуаты жоқ.
Осы орайда, қадiрлi Кәрiм Қажымқанұлы, жауапты лауазымды тұлғаларға демография жөнiндегi заңды қабылдау қажеттiлiгiн зерттеудi тапсырсаңыз. Және осы заңды дайындауды iске асыратын арнайы мемлекеттiк органды құру мәселесiн қолға алсаңыз ел болашағы үшiн теңдесi жоқ қадам болар едi.
Сауалыма жазбаша жауап күтемiн.
Мәжiлiсiнiң депутаты Б.ТIЛЕУХАН