«БАҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ БОЛСА...

«БАҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ БОЛСА...

«БАҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ БОЛСА...
ашық дереккөзі
348

Өткен аптада Баспасөздiң дүниежүзiлiк бостандық күнi атап өтiлгенi белгiлi. Айтулы күнге орай халықаралық «Әдiл сөз» қоры, Алматыдағы «ЕҚЫҰ»-ның өкiлдiгi мен Ұлттық баспасөз-клубының бастамасымен «БАҚ саласындағы Қазақстанның заңнамалары: халықаралық стандарттар мен ұлттық ерекшелiктер» атты дөңгелек үстел өттi.

Аталған жиынға сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен журналистер, Парламент депутаттары мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысып, өзара пiкiр алмасты. Атап айтсақ, жиынға Сенат депутаты Бексұлтан Тұтқышев, Мәжiлiс депутаты Сергей Киселев, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Ивар Викки және белгiлi журналистер қатысты. Дөңгелек үстел аясында журналистика саласында қызмет етiп жүрген мамандар дайындаған «БАҚ туралы» заңның жаңа жобасы да талқыға ұсынылды. Халықаралық «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау қорының директоры Тамара Калееваның айтуынша, кезiнде елiмiзде қабылданған ақпарат құралдарына қатысты заң қазiргi заман талабына сай болмай отыр. Тамара Калеева: «1999 жылы қабылданған «БАҚ туралы» заң ескiрдi, атап айтсақ, тiркеу мәселесi бойынша, сол сияқты азаматтық жауапкершiлiк мәселесiнде де ескiргенi байқалады» – дейдi. Сол сияқты ол: «Бiзге (журналистерге К.Т.) өз-өзiмiздi iштей бақылаудың қажетi де шамалы, өйткенi бiздiң заңнама кез келген баспасөздi талан-тараждай алады» – дейдi. Бұл орайда «Әдiл сөз» қорының басшысы журналистердi Қылмыстық кодекс, Азаматтық және Әкiмшiлiк кодекстер бойынша да қатаң жазаларға тарту мүмкiндiгiнiң жоғарылығын қынжыла айтады. Журналистердi нақақтан-нақақ кiнәлап жүрген шенеунiктерге де мiн тағады: «Көптеген шенеунiктер өздерiнiң жеке кәсiби репутациясын жеке-басының репутациясы – жеке ар-ожданымен «шатастырады» – дейдi. Баспасөз өкiлдерi де Тамара Калееваның баяндамасында айтылған сөздерiн толықтай қолдады.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар Қазақстанның «БАҚ туралы» заңын халықаралық стандарттарға сәйкестендiру қажеттiгiн бiр ауыздан құптады. Себебi бүгiнгi заңда адам естiсе күлетiндей баптар да кездеседi. Мәселен, қазiргi «БАҚ туралы» заң бойынша телеоператор көшедегi адамдарды камераға түсiргiсi келсе, өзi түсiрген адамдардың әрқайсысынан жеке-жеке рұқсат алуы керек. Осы жәйттiң өзi де отандық ақпарат құралдарына деген бақылаудың басымдығын аңғартып тұрғандай. Содан болар, бүгiнгi «БАҚ туралы» заңға мiн де тағылып, сын да талай айтылған. Тiптi, бұл заңға үмiт арта алмайтын журналистер де кездеседi. Себебi онда журналистiң құқықтарынан гөрi мiндет-парыздары басымдау.

Бiрқатар халықаралық ұйымдардың демеуi арқасында «БАҚ туралы» заңның жаңа жобасын дайындаған журналистер қауымы баспасөзге қатысты отандық заңның халықаралық стандарттарға сай болуын қалайды. Бұл орайда журналистер «БАҚ туралы» заңның жаңа жобасына бар үмiтiн артып отыр.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары