«ГҮЛДЕР» 35 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТI

«ГҮЛДЕР» 35 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТI

«ГҮЛДЕР» 35 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТI
ашық дереккөзі
610

26 желтоқсанда мемлекеттiк «Гүлдер» ән-би ансамблiнiң есептiк концертi болып өттi. Ансамбльдiң 35 жылдығына орайластырылған концертке «Гүлдердiң» ардагер әншi-бишiлерi мен қазiргi ұжымы қатысып, өнер көрсеттi.

Мемлекеттiк «Гүлдер» ансамблi негiзiн 1969 жылы қалаған. Бiртума өнер ұжымының алғашқы директоры Гүлжиһан Ғалиева елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен талантты жастарды жинап, оларды бiр шаңырақ астында жинаған. Қазiргi өнерпаздар қазақ эстрадасы тарихының «Гүлдерден» бастау алғандығын алға тартады. Шынымен-ақ, ұлттық өнер мен ол кезде жаңадан шығып жатқан эстрадалық жанрды шебер сабақтастыра бiлген өнер ұжымын қазақтың тұңғыш этно-эстрадалық ансамблi деуге болады. Әу бастан ансамбль өнерпаздары түрлi жанрда өнер көрсетiп, халықты өз өнерiне тәнтi ете бiлген. Режиссер Серiк Елеусiзовтiң еңбегi ерен. Ол бағдарламалардың көрермен үшiн қызықты да тартымды өтуi үшiн атсалысқаны хақ. Содан болар, өнер шаңырағы сахнаға шыққан күннен-ақ халықтың ерекше ықыласына ие болды. Бiрақ ұжымның төбесiнен бұлт үйiрiлген кездер де жоқ емес едi. Сын да айтылып жатты. Әсiресе, домбырамен тұрып өнер көрсету, қысқа көйлекпен би билеу үлкендерге ұнай да бермедi. Бiрақ осынау 35 жыл iшiнде шарықтау мен тоқырау кезеңдерiн басынан кешкен «Гүлдер» ән-би ансамблi өзiнiң бет-келбетiн сақтап қалғаны ақиқат. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары «Гүлдердi» басқарған Ақжол Мейiрбеков ұжымды таратылудан сақтап қалды. Ал, 2001 жылы ансамбль басшылығына келген Қыдырәлi Болман «Гүлдердiң» қайта түлеп жаңғыруына үлкен еңбек еттi.

Бүгiн ансамбль жоғары сұранысқа ие. Көрерменнiң ықыласы да зор. Мұны жақында өткен ансамбльдiң концертi айғақтай түстi. Концертке халық көп жиналып, «Гүлдер» ардагерлерi мен қазiргi әншi-бишiлерiнiң өнерiн тамашалады. Қапаш Құлышева, Гүлнәр Сиқымбаева, Медеу Арынбаев, Қарақат, «Нұрлан мен Мұрат», Мадина Сәдуақасованың өнерлерi көрермендердi ыстық ықыласқа бөледi. «Гүлдердiң» «Алтын домбыра» биi классикалық биге айналғаны рас. Бишi қыздар домбырамен би билегенде, көрермендер ду қол шапалақтады. Концерт жиналған көрерменнiң көңiлiнен шықты.

Ансамбльдiң қазiргi директоры Әдiл Қойтановтың бастамасымен жақында «Гүлдер-35» атты кiтап жарық көрдi. Онда ансамбль ардагерлерi мен қазiргi әншi-бишiлерiнiң естелiк ойлары жинақталған. Көзi тiрiсiнде «Гүлдердiң» танылуына атсалысқан Серiк Елеусiзов (режиссер), Ғабиден Тұяқаев (директор), Қалампыр Рахимова (термешi) жайлы туған-туыстары аталған кiтапта бiраз сыр шерткен. Бұл – ансамбль ардагерлерiнiң ешқашан да ұмыт болмайтындығын аңғартса керек.

«Гүлдердiң» бүгiнгi ұжымы әлi де асар асулары алда дегенге сенедi. Олар ансамбльдiң ардагер әншi-бишiлерiне елiктеп, елiмiздiң эстрада саласының дамуы үшiн ары қарай да еңбек етпек.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары