18 рет оқ атылып, 4 адам қаза тапқан

18 рет оқ атылып, 4 адам қаза тапқан

18 рет оқ атылып, 4 адам қаза тапқан
ашық дереккөзі
526

Маусым айы оңтүстiк­қазақ­­стандықтар үшiн мазасыз басталғандай. Ма­мыр айының ортасында ғана қазақ-өзбек шекара­сына бағаналар қойылып, көршiлес жатқан Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Ташкент облысының бас­шылары кездескен бола­тын. Алайда «Қазақстан мен Өзбекстанның шека­раны нақтылауды бейбiт жолмен шешкен екi елдiң достық пен өзара түсi­нiстiкте өмiр сүре алаты­нын көрсетедi. (Ташкент облысының хокимi Козима Тулагановтың сөзi. — О.Д.) деген әңгiменiң ыс­тығы басылмай жатып-ақ шекарада тағы бiр қай­ғы­лы оқиға орын алды. Нақ­тырақ айтсақ, шекара ма­ңындағы Қызыл Сарқы­рама ауылында қазақстан­дық азамат оққа ұшты.1 маусым күнi Нұр­жiгiт Ботанов Өзбекстан территориясында тұратын туысқандарын шығарып салу үшiн таксимен жолға шығады. Қазақстандық шеқарашыларға құжат­тарын көрсетiп, ешқандай кедергiсiз шекарадан өтедi. Ендi оларды өзбекстандық шекарашылар тоқтатады. Құжат тексеруден кейiн шекарашылар оларды ары қарай жiбермейтiндiктерiн мәлiмдейдi. Ештеңе өндiре алмасын сезген қазақ­стан­дық азаматтар (екi ер кiсi, екi әйел азаматы) ендi керi, яғни Қазақстанға қарай қайтуға рұқсат сұраған. Бiрақ шекарашылар бұған да рұқсат бермей, нәти­же­сiнде арада аз-кем ұрыс-керiс орын алады. Осыдан кейiн Н.Ботанов керi бұ­рылады да, Қазақстан жақ­қа қарай бет алады. Осыны күтiп тұрғандай өзбекстандық шекарашы­лар Нұржiгiт жаққа оқ жаудырған. Оқ тиiп, жара­ланған Нұржiгiт ауруха­наға апара жатқан жолда қайтыс болады.Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудан­дық IIБ-нiң бастығы Нұ­ралы Қырғызәлиевтiң ай­туына қарағанда, бұл оқи­ға жөнiнде нақты мәлiмет­тер жинақталып, Өзбек­станның құқық қорғау органдарына тапсы­рыла­ды екен. Десекте, Оңтүстiк Қазақстан облысы про­ку­рорының халықаралық iстер жөнiндегi көмекшiсi Айқынбек Бектөриевтiң мәлiмдеуiне қарағанда, бұл өзбекстандық шека­рашылардың Қазақстан азаматына оқ атқан 18-i оқиға, оның төртеуiнде оқиға адам өлiмiмен аяқ­талған. Ал, бiрақ бiрде-бiр өзбекстандық шекарашы қылмыстық жазаға тар­тылмапты. Яғни, бұл қай­ғылы оқиғаның аяғы да iз-түзсiз кетуi әбден мүмкiн деген сөз.Ал, бейсенбi күнi та­ңер­теңгiсiн Оңтүстiк Қа­зақстан құқық қорғау органдарына «Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық академиясының ғима­ра­тына жарылғыш зат қой­ыл­ған. Түске дейiн бiздiң талабымыз орындалмаса, ғимаратты жарамыз» де­ген хабар түседi.Бұрын Қазақ-кувейт университетi, кейiннен ОҚ гуманитарлық академиясы атанған бұл оқу орны жыл басында жабылған болатын. Және бұл бiлiм ордасы жайлы «терро­рис­тiк пиғылдағы ұйымдар бар екен, студенттердi сол ұйымға мүше етiп жатыр екен» деген сөз желдей гулеп тұрған.Осы оқиғаға орай об­лыстық төтенше жағдай­лар жөнiндегi басқар­ма­мен хабарластық. Ондағы баспасөз қызметiн­дегiлер­дiң айтуларына қарағанда, «Академияға бомба қой­ыл­ды» деген мәлiметтi IIББ-на сол күнi 10 сағат 20 минутта аталған оқу ор­нының ректоры хабар­ла­ған екен. Ал, ректорға бұл мәлiметтi осы оқу ор­ны­ның күзетшiсi мәлiмдеген. Бiрақ құдайға шүкiр, «ака­демияға бомба қойылды» деген хабар жалған болып шықты.

Таңсұлу Алдабергенқызы

Серіктес жаңалықтары