КҮЛТӨБЕНIҢ БАСЫНДА КҮНДЕ КЕҢЕС

КҮЛТӨБЕНIҢ БАСЫНДА КҮНДЕ КЕҢЕС

КҮЛТӨБЕНIҢ БАСЫНДА КҮНДЕ КЕҢЕС
ашық дереккөзі
941

Каспийдiң мәртебесiне қатысты соншама мәрте өткiзiлiп отырған жиын­дардан байқағанымыз, бұл өкiлдердiң қай-қайсысының жасаған мәлiмдемелерi аса бiр салмақтылығымен ерек­шеленбегенiмен, өз мем­ле­кетiнiң мүддесiн, страте­гиясын байқатып тұрады. Калюжныйдың сөздерi Ре­сейдiң ниетiн аңдатса, Са­фаридың мәлiмдемелерi Иран­ның бiрбеткейлiгiнен хабар бередi. Тiптi, ресми Ашхабад өкiлi Бабаевтың өзi Түркiменстанның ерекше саяси бағытын байқатады. Ал бiздiң мемлекеттiң аты­нан мұндай жиын­дар­да Сырт­қы Iстер мини­стрiнiң саны көп орын­ба­сарлары кезегiмен ауыс­тырып қаты­сып отыратын. Көбiне-көп Әбусейiтовтың бойы қылаң берiп қалатын. Шыр­дабаев­тың Каспий де­ген алынбас қамалға келiп соқ­тыққанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бiрақ, бiз­дiң пайымдауы­мызша, Кас­пий мәселесiнде Қазақстан­ның мүддесiн алға тартуы тиiс өкiлдердiң мүдде түгiлi, кө­леңкеден аспайты­нын бай­­қай­мыз. Рух жоқ. Жалтақ­­тық басым. Ресей өкiлiнiң ығынан шыға алмай отырады. Бүкiл ұсыныс Ре­сейдiкi секiлдi көрiнедi де, бiз­дiң тараптың өкiлi бас шұл­ғудан әрi бармайды не­ме­се бiздiң өкiлдер өз уәждерiн дербес ұсынудан жұрдай.Айтпақшы, отставкадағы дипломаттардың сөзiне сүй­ен­сек, Каспий теңiзiнiң қайраңын ұлттық бөлiктерге бөлу жөнiндегi бастаманың да әу бастағы ұсынушысы Қазақстан болған екен. Бiрақ, қазiр өзiмiз куә болып отыр­ғанымыздай, қоғамда бұл ойды толғатқан Ресей секiлдi пiкiр қалыптасқан.Каспий мәртебесiн анық­тауға арналған бұл басқо­сулар пәлендей мәселе ше­шiп, жарытпағанымен, шетел ақпарат құралдары осы жиын­дарға үлкен мән бередi. Ал ақпарат құралдарының қоғамның қажеттiлiгiн қам­тамасыз ететiн ақпараттар та­рататындығын әрi Каспий мұнайы дегенде жұртшы­лық­тың құлағы тiктей қала­ты­нын ескерсек, бiздiң өкiлдiң Ка­люжныйдың сөзiне бас шұл­ғып отыратындығына бар­лығы куә болады.

Сол кезде, япыр-ай, ең болмаса, кiп-кiшкентай бей­тарап Түркiменстан өкiлiнiң ұстанымына неге қарамайды екен деген ой келедi. Өзiндiк пiкiрi жоқ адамдар мемлекет мүддесiн қорғап қарық қыл­майтындығы белгiлi. Қазақ­стан шенеунiктерiнiң бойында мемлекеттiк рух деген сезiм қашан қалыптасады екен? Ал бiздiң өкiл Калюж­ныйдың шекпенiнiң астына қашанғы жасырына бередi?

Өткен нөмiрiмiзде “Қаз­Мұнайгаз” басшысы Қараба­линның Ұлттық компания қызметкерлерiне “Hallibur­ton” компаниясында тәжiр­биеден өттi деген серти­фикатты аса салтанатты жағ­дайда табыс­тағандығын жаз­ған едiк. Ендi сол компа­нияның басына бұлт үйiрiлiп отыр. Осы ком­панияға қа­тысты тағы бiр шулы процесс жүргiзiлмекшi. Нысанада вице-президент Дик Чейни. Еркiн ақпарат таратуды басты мақсаты етiп алған “Judicial Watch” ұйы­мының қызмет­керлерi Пен­тагонның элек­трондық поч­та­сынан “Hal­liburton” компа­ниясының әрқилы әрекеттерi жайлы деректер тауып, оны “Time” журналының наза­ры­на ұсы­ныпты. “Құны бiрнеше миллиард долларға шақтал­ған келiсiм-шартты “Hal­liburton” компаниясының иеленуi үшiн Дик Чейни мен АҚШ-тың қорғаныс мини­стрiнiң орынбасары Пол Вулфовиц өзара ымыраға келген” делiнген “Time” жур­налына келген деректерде. Кенеуi кеткен Ирактың мұ­най өндiру өнеркәсiбiн қал­пына келтiрудегi процестерде осы компанияның қатысты болуы әуел бастан американ қоғамын дүрлiктiрген. Өйт­кенi, Чейни 1995-2000 жыл­дардың аралығында бұл ком­панияның бас директоры бол­ған. Мемлекеттiк қызметке кет­кеннен кейiн компания­дағы iстерiнен бас тартты де­ген ақпарат таратыл­ға­нымен, бұл мәлiметтiң шын­дыққа жанаспайтындығы айдан анық. Өйткенi, АҚШ билiк Олимпiндегi шенеу­нiктердiң өздерi қызмет атқарған мұ­най компа­нияларымен аса жақсы қарым-қатынас жа­сай­тын­дығы ешкiмге жасы­рын емес. Мысалы: “Шев­рон” компаниясы өз атқару­шыларының бiрi болған Кон­долиза Райсты әлi күн­ге дейiн пiрiндей көредi.Айтпақшы, “Hallibur­ton” басшылығы өзге түгiлi өз акционерлерiн орға жығуы­мен дабыра тудыр­ған екен. Былтыр осы ком­паниядағы 20 шақты ак­ционер 1998-2001 жылдың аралығында, яғни “Hal­liburton” мұнай алыбы­ның басшысы Дик Чейни болып тұрған кезде бухгал­те­риядағы көз бояушы­лық­тың көбейiп кеткендiгiн айтып, сотқа шағымданған.

“Қазмұнайгаздың” бас­шы­сы маңдайға басып жүр­ген ұлттық компания­мыз­дың қызметкерлерiн “Halli­bur­ton” мұнай алыбының ба­засында тәжiр­биеден өт­кiз­генi үшiн аме­рикан компа­ниясы өкiлiнiң ал­дында құ­рақ ұшып, елпең қағып, өзiн қоярға жер тап­пай қалған.Атышулы оқиғалардың арасында көлбеңдеп қала­тын бұл компанияға аса жылы қараудың қажетi жоқ шығар. Әйтпесе, кiм бiлсiн?..

Дидахмет Әшiмханұлы

Серіктес жаңалықтары