МАНДАТ ҮШIН“МАЙДАН”

МАНДАТ ҮШIН“МАЙДАН”

МАНДАТ ҮШIН“МАЙДАН”
ашық дереккөзі

Ал, үшiншiлерiнiң қи­мылы тiп­тен ерек. Олар депутаттық ман­датын сақ­тап қалудың қамы — билiк партияларына ену деп бiледi. Жалпы, соңғы кез­де Мәжiлiстiң депутат­та­рының бiразы өз көз­қа­рас­­тарының тұрақсыздығын та­нытып алды. Парламенттегi «Отан» пар­тиясының фрак­циясы­нан шық­қан алғашқы де­путат — Болат Әбiлов едi. Алайда, оның ұс­танған ұс­танымы мен «Отан» пар­тия­сының принциптерi сай келмейтiн болды. Сөйтiп, ол өз партиясынан шыға­тындығын мәлiмдедi. Одан көп уақыт өтпей жатып-ақ, отандық­тар Әбiловтiң мандатына жар­мас­ты. Сөй­тiп, Б. Әбiлов партия­лық тiзiммен сайланған се­беп­тi, партия қатарынан шық­қаны үшiн, депу­тат­­тықтан алас­татылды.

Бұдан кейiн Парла­мент қабыр­ғасындағы фрак­циядан-фракцияға көшу — «Асар» партия­сы­ның фракциясы жа­сақтал­ған кезде орын алды. Мә­­жiлiс депутаты Ұзаққали Елубаев «Отан» партия­сынан «Асарға» көштi. Мұнда да «Отан­нан» «Асар­дың» күшi мы­ғым боп, менiң мандатым сақ­тала ма?» деген ойдың қылаң бермесiне кiм кепiл.

«Отан» партиясы сье­зiн өткi­зiп, оған Елбасы өзi бас­шылық жа­сап, теле­дидардан көрерменде­рi­мен тiкелей эфирде тiлдескен Нұрсұл­тан Әбiшұлы Қа­зақстан халқынан сайлау­да «Отан» партия­сын қол­дауын сұрағаннан кейiн, «асар­лық­­тар­дың» кейбiрi, мысалы, Мә­жiлiс депу­таты Нұрдәулет Сәр­се­нов «Асардан» «Отанға» өттi.

Мәжiлiстегi ең аты-шулы оқи­ғаның бiрi «Ком­мунистер» фрак­циясының айналасында өттi. Ал­ды­­мен бұл партияға Ерасыл Әбiлқасымов мүше болды. Содан кейiн Қазақ­стан­ның Демтаңдауы қоғам­дық қозғалысының жетек­шiсi Тө­лен Тоқтасынов ен­дi. (Кейiн­нен «Қазақ­стан­ның демтаң­дауы» халық­тық партиясы тiр­келдi). Дәл осы сәттен олар­дың өзара ыдырауы басталды. Мәжiлiс депутаттары Ера­сыл Әбiлқасымов пен Владислав Косаревтер партия қатарынан шығып кеттi. Әрi мұнысын Төлен Тоқтасыновтың Орта­лық Комитеттiң мүшелiгiне өткендiгiнен деп түсiн­дiрдi. Владислав Косарев жаңа­дан «Қазақстанның Халықтық комму­нистiк» партиясын құр­мақ ниетте болғандығын, құ­жат­та­рын Әдiлет министр­лiгiне бергенiн бiз газетi­мiздiң 27 мамырындағы № 22 са­нында айтқан болатын­быз. Нәти­жесiнде Әдiлет министр­лiгi бұл партияны тiркеуден бас тартыпты.

Бұған дейiн комму­нис­тiк идея­дан айнымаймын деп жүрген Владислав Косарев бұл күнде басқа фракцияға мүше болып шыға келдi. Анау-мынау емес, «Аграрлық» пар­тия­ның фракция­сына ендi. Ал, Коммунистердiң ара­сына жiк салған Ерасыл Әбiл­қасымов Мәжiлiс спи­керi Жарма­хан Тұяқбайға «депутаттардың фракция­дан-фракцияға сабы­луын қадағалайтын өкiлет­тi­гiңiз бар ма, жоқ па?» деген сауал тастады. Өкiнiшке қа­рай, төрағада ондай өкiлеттiлiк жоқ екен. Ал, қазақ­тың тұң­ғыш ғарыш­керi Тоқтар Әу­бәкiров «депутаттардың бiр пар­тиядан бiр партияға өтуiн — принципсiздiк» деп ба­ғалай­тын­дығын айтады («31 канал», «Ин­форм бюро», 8 маусым).

Яғни, сайлау жақын­даған сайын кейбiр депутат­тар­дың таба­ны­ның бүрi азай­ды. Қай партияға мүше болсам, мандатым сақта­лады деген ғана үмiтпен, өз принцип­сiздiк­те­рiн танытып жатыр. Ал, ондай де­путат­тар­дан мемле­кет­тiк, ұлттық маңы­зы бар шешiм күтуге болар ма екен?

Есенгүл Кәпқызы