Дін саласының мамандары «Бес әлеуметтік бастаманы» талқыға салды

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау және түсіндіру бойынша студент жастармен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік.Арын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С.Ораз, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ Геннадий, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты.

Б.Арын өз сөзінде «Бес әлеуметтік бастама» тікелей жастарға бағытталғандығына нақтылай тоқталды. «Бұл бастама Президентіміздің серпінді ұсынысы, жас отбасыларға тұрғын үй алуға, жастардың жалақысын көтеруге, сапалы және қолжетімді білім беруге, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Елбасының бес әлеуметтік бастамалары еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ал, бұның барлығы тұрақтылық орнаған мемлекетте ғана жүзеге аспақ. Ел дамуының негізі – мемлекет тұрақтылығы. Кез-келген елдің тұрақты дамуының басты кепілдігі оның бейбіт жағдайда тіршілік етуі екені белгілі. Яғни, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мемлекеттер ғана қарқынды даму жолына іліге алады»,– деп атап өтті».

348A7213

Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С.Ораз өз сөзінде Мемлекет басшысына осы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға оларды жас ұрпақ үшін үміт көзі ретінде бастама көтергеніне құрмет білдірді.

Бас мүфти: «Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (ﷺ) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген. Демек, қазір біздің қоғамға өз ісінің майталман маманы бола білген иманды, жанашыр, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін парасатты мұсылмандар қажет. Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан ұрпақ елдің көсегесін көгертеді», – деді.

Сонымен қатар, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ Геннадий өз сөзінде Президенттің жариялаған үндеуі ең алдымен қазақ халқының әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға және біздің мемлекетімізде өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға «Бес әлеуметтік бастама» негізгі мемлекеттік деңгейге көтеруге әлеуметтік блоктың міндеттерін шешуге бағытталғанын атап өтті. Бізден қазір қоғамның белсенді бөлігі қосылғаны және олар өз тарапынан қолдау көрсетіп, ұсыныстар беруі талап етіледі». Қаскелеңдік епископ Геннадий өз сөзін қорытындылай келе: «Мемлекет басшысы қоғамның талаптары мен көңіл-күйіне аса көңіл бөлетіндігін тағы бір рет көрсетті. Жастар саласы өте сезімтал және барлық жаңа нәрселерді қабылдайды. Сондықтан таңдаған бағыт азаматтардың осы санатына толығымен бағытталған және олардың өсуі мен тұрақтылығы үшін қолайлы жағдайлар жасалған».

Өз кезегінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына бағытталған Елбасының бастамасын қолдады.

Әлеуметтік бастамаларды талқылау барысында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, олардың барлығына қызықты да шынайы жауаптар берілді. Қойылған сұрақтар қатарында дін өкілдернің несие алуға деген көзқарасы, Қазақстандағы теологиялық білім алу және басқалар.

Back to top button