12 Наурыз 2018, 14:03 997 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Ресей "Кинжалын" ұшырды

Ресейдің қорғаныс министрлігі «Кинжал» деп аталатын гипердыбыстық зымыранын ұшырды. Бұл туралы ел президенті Владимир Путин парламентке арнаған жолдауында мәлімдеді.

Зымыранды жаңа Миг-31 тосып жойғыш ұшағы ұшырған. Ұшақ Оңтүстік әскери округте орналасқан аэродромнан аттандырылды. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, зымыран полигондағы нысанаға тиген.

Наурыз айының басында Ресей президенті Владимир Путин бұл қару туралы Федералды жиналысқа арналған жолдауында айтқан еді. Оның айтуынша, «Кинжал» ядролық жарылғыш заттарды тасымалдап қана қоймай, тіпті әуе шабуылы мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері оған төтеп бере алмайды.

Тэгтер зымыран Миг-31

Соңғы жаңалықтар