Ұлттық арна телекөпірі: Қоғам қайраткерлері 5 бастама туралы ой бөлісті

Ұлттық арна телекөпірі: Қоғам қайраткерлері 5 бастама туралы ой бөлісті

Ұлттық арна телекөпірі: Қоғам қайраткерлері 5 бастама туралы ой бөлісті
ашық дереккөзі

    Елбасының 5 наурыз күні Парламент палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында жариялаған 5 әлеуметтік бастамасы қоғамда үлкен қолдауға ие болып жатыр. Әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Президенттің үндеуі мен халықтың осы бастамаларға қолдауы  Ұлттық арнаның арнайы телекөпір өткізуіне арқау болды.  Бұл телекөпірге  еліміздің Алматы қаласы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының мемлекеттік қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова,  Бекмырза Еламанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, саясаттанушы Айдос Сарым, жазушы-журналист Жүсіпбек Қорғасбек  пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

         «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова:

 - Елбасының жылдағы Жолдауында әлеуметтік мәселе басты мақсатта болатын. Ал, осы 5 әлеуметтік бастама сол Жолдаулардағы бағыттардың одан ары қарайғы жалғасы деп айтуға болады. Сондықтан да қазір біздің 1 миллионнан астам «Нұр Отан» партиясының негізгі мүшелерінің барлығы бұл бастамаларды толық қолдайтыны жөнінде жеткізіп жатыр.

Саясаттанушы Айдос Сарым:

 - Бұл бастаманы Мемлекет басшысы «елдің игілігіне арналған ұтымды және оптимистік жоба» деп атаған болатын. «Бұдан бірнеше пайым шығаруға болады. Билік әлеуметке, қоғамға, оның ішінде жастарға қарай бетбұрыс жасауда. Бүгінгі биліктің тарихта қалу, қалмауы жастарға тікелей байланысты. Бұл бетбұрыс бес қадаммен аяқталмауы керек, кейін де терең өзгерістер қажет. Биліктің жекелеген адамға деген көзқарасы өзгерткенде, бастама рухани жаңғырумен пара-пар бағытқа айналып     кетуі ықтимал.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев:

 - Ауылда тұрып жатқан азаматтар, әсіресе жұмыссыз жүргендер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып  жүрген азаматтар өз табыс көзін тапқысы келеді. Сондықтан осы бағдарламамен берілетін несие жеңілдетілген, өйткені 6% пайызбен беріледі. Ешқандай екінші деңгейдегі банктер немесе қаржылық ұйымдар бұндай аз пайызбен кредит беріп жатқан жоқ. Бұл бағдарлама ауылдағы адамдарға өте үлкен көмек. 

Қоғам қайраткері Әміржан Қосанов:

 - Мемлекет өз азаматтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді түрде атсалысып жатса, әрине, оны қолдау керек. Әлеуметтік салаға жауап беретін мекемелер бұл мәселеде лайықты орын алуы қажет. Әлеуметтік салаға концептуалды және фрагменттік көзқарас бар. Бұған дейін бізде тек фрагменттік көзқарас болды. Осыған дейінгі Елбасы Жолдауларында да әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұл Үндеудің ерекшелігі, бес мәселе нақты көрсетіліп, нақты жауапкершілігі бар азаматтар аталды. Меніңше, бес бастама осымен құнды.