4 Наурыз 2018, 16:40 1083 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Головкиннің жоспары әшкереленді

Ringsidereport.com журналисі Пэки Голдстейн қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазды Sports.kz.  

"GGG лагерінде біраз жыл жұмыс істеген менің әріптесім Геннадий жекпе-жекті төрешілер шешіміне жеткізбей, мерзімінен бұрын аяқтағысы келетінін айтты. Головкин Альваресті жойқын нокаутқа түсіріп, әлемге 160 фунтта үздік боксшы екенін дәлелдеп, ал содан кейін Бокс даңқы залына қосылуды көздеп отыр", — деп жазды Голдстейн.

16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Реванш 5 мамырда өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар