Павлодарлық оқушының жобасы ТМД елдері арасында үздік атанды

Павлодарлық оқушының жобасы ТМД елдері арасында үздік атанды

Павлодарлық оқушының жобасы ТМД елдері арасында үздік атанды
ашық дереккөзі
1027
Павлодар облысы Баянауыл ауданының №2 жалпы орта мектебінің оқушысы Ратмир Настас Мәскеуден жүлделі оралды, деп хабарлайды pavlodarnews. Мәскеу қаласында өткен «Шекарасыз ғылым: Қазақстан-Ресей» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «б» сынып оқушысы Ратмир Настас І орын иегері атанды. Бұл туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Махаббат Сәдуақасова айтты. «Гуманитарлық, жаратылыстану және физика-математика бағытында өткен аталмыш байқауда ТМД елдерінен кіл мықты 100-ден астам оқушы мен студент қатысқан. Біздің Қазақстанның атынан барған  Ратмир ел үмітін ақтап келді. Оны дайындаған жетекшілері, педагог-психологтар Полина Шумейко мен Марина Шумейконың еңбектері зор екенін атап өткен жөн. Олар ұстаздарға арналған «Жаңа технологиялар мен педагогикалық практика» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда дипломдармен марапатталды», - дейді Махаббат Сәдуақасова. Марина Шумейконың айтуынша,  Ратмир  Настас  «Баянауыл ұлттық паркінің экожүйесіндегі кіші ақтісті жертесерді қорғау» тақырыбындағы жобасын сәтті қорғап, экология секциясында  «Шекарасыз ғылым: Қазақстан-Ресей» медалі мен дипломға ие болған.  

Серіктес жаңалықтары