Қазақстан Вьетнамға 5 мың тонна бидай жеткізді

Қазақстан Вьетнамға 5 мың тонна бидай жеткізді

Қазақстан Вьетнамға 5 мың тонна бидай жеткізді
ашық дереккөзі
227
Жыл басынан бері Қазақстаннан Вьетнамға 5 мың тонна бидай жеткізілген, деп хабарлайды 24.kz. Ляньюньган қазақ-қытай халықаралық логистикалық компанияның бас директоры Лю Биннің айтуынша, қазақстандық өнім теңіз арқылы қалыпты тасымал айналымына түскен. Ол алдағы уақытта Қорғас және Алашанькоу кедендерінің жүк өткізу қуатын арттырып, Қытай – Еуропа бағытындағы тасымалға серпін беру жоспарланып отырғанын айтты. Осылайша ішкі құрлықта жатқан еліміздің экспорты тек көрші мемлекеттермен шектелмей, әлемнің кез келген бұрышына өз өнімін жеткізе алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Қазақстан Ляньюньган теңіз порты арқылы жыл сайын 150 мың контейнер жүк өткізе алады. 2020 жылға қарай контейнер саны 500 мыңға жетеді. Ляньюньган қаласындағы қазақ-қытай логистикалық терминал 2014 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.   "Қазақстан астығы тиелген контейнерлерді жақында ғана Вьетнамға өткіздік. Бұл жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Қазақстаннан тасымалданатын өнімдердің көлемі мен түрлерін арттыруды жоспарлап отырмыз. Тек бидай ғана емес, сонымен қатар сиыр және тауық еттерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, ал кері бағытта жеміс-жидектер тасымалдау арқылы логистикалық айналым жасай аламыз. Сонда тасымал құны арзандайды, сол арқылы өнім бағасы да қымбат болмайды", - дейді Ляньюньган қазақ-қытай халықаралық логистикалық компанияның бас директоры Лю Бин.

Серіктес жаңалықтары