2 Наурыз 2018, 16:08 392 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Көктемгі әскерге шақыру басталды

2018 жылы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 1991-2000 жылы туған 17 мыңнан астам азаматты әскерге шақыру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Шақырту және медициналық комиссиялар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас сарбаздармен толықтыру бойынша өз жұмыстарын бастады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Әскери бөлімшелерді толықтыру территориялық және экстерриториялық принцип бойынша жүргізіледі. Шақырылушыларды әскери бөлімдерге бөлу және іріктеу кезінде алдын ала тексеру нәтижесі мен олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.  Дәстүр бойынша Қарулы Күштер бөлімшелеріне жіберілудің алдында болашақ Отан қорғаушылар облыстық жинақтау пункттерінде әскери киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, деп атап өтті Қорғаныс министрлігінде. Медициналық куәландыру мен әскер қатарына шақыру тәртібі туралы мәселелерді шұғыл шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде «қауырт желі» жұмыс істейтін болады. Жауапты лауазымды тұлғалар түсінік беріп,  азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді. Кеңесті мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 72-13-83 және 72-16-06.

Соңғы жаңалықтар