Армен Саргсян – Армения президенті

Армен Саргсян – Армения президенті

Армен Саргсян – Армения президенті
ашық дереккөзі
Армен Саргсян Армения президенті болып сайланды. Армения Ұлттық жиналысы елдің төртінші президентін сайлады.  Армен Саргсян кандидатурасына 90 депутат дауыс беріп, 10-ы қарсы болған. «Дауыс беруге 101 депутат қатысты. Жәшікте 101 бюллетень болды, соның біреуі жарамсыз деп танылды. Осылайша, Армен Саргсян республика президенті болып сайланды», - дейді Ұлттық жиналыс уақытша есеп комиссиясының төрағасы Гагик Меликян. Армения президенті болып сайланған Армен Саргсян: "Маған дауыс берген және қарсы дауыс берген сайлаушыларға алғысым шексіз. Алда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Президенттің міндетін толыққанды атқару үшін және Армения халқына қызмет етуім үшін көп жылғы тәжірибемді, күш-қуатымды, білімімді  сарқа жұмсаймын" деді.