Бердымұхамедов 8 наурызда Түркіменстандағы әр әйелге 11 доллардан бөлмек

Бердымұхамедов 8 наурызда Түркіменстандағы әр әйелге 11 доллардан бөлмек

Бердымұхамедов 8 наурызда Түркіменстандағы әр әйелге 11 доллардан бөлмек
ашық дереккөзі
264
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Халықаралық әйелдер күніне орай түркіменстандық әйелдерге 40 манат немесе 11,4 доллардан үлестірмек. Мұндай жарлыққа мемлекет басшысы 28 ақпанда қол қойды.
Ресми баспасөздің хабарлауынша, сыйлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, сонымен бірге зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын, аспирантура мен докторантурада, клиникалық ординатурада оқитын әйелдерге, бұған қоса студенттерге, оқушыларға және балалар бақшасындағы тәрбиелеушілерге беріледі. Президенттік ақшалай сыйлығы Түркіменстанда әйелдерге жылда үлестіріледі. Сыйлықтарды табыстау салтанатын әдеттегідей мемлекеттік телеарналардан көрсетеді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін 2008 жылы президент Гурбангулы Бердымұхамедов қайтадан мереке ретінде бекіткен.

Серіктес жаңалықтары