Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға қамалуы мүмкін

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға қамалуы мүмкін

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға қамалуы мүмкін
ашық дереккөзі
378
Оңтүстік Кореяның прокуратурасы бұрынғы президент Пак Гин Хиеге (Пак Кын Хе/ Park Geun-hye) 30 бас бостандығынан айыру және сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 110 млн АҚШ доллары көлемінде айыппұл салуды сұрады. Бұрынғы президенттің үстінен қозғалған істің нәтижесінде Пак Гин Хие мемлекеттің қызметтен қуылды және бірқатар лауазымдылар түрмеге жабылған еді. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады, деп жазады qazaqtimes.com. Бүгін түстен бұрын өткен сот отырысында прокуратурасы Пак Гин Хиені сыбайлас жемқорлық ісінің бірден-бір «жетекшісі» деп көрсетті. Прокуратураның айыптауы бойынша, бұрынғы консервативті президент өзінің жақын досы Чой Соон-силмен келісіп, Кореядағы отбасылық конгломераттардан ақша табу ісіне мемлекеттік қолдау көрсеткен. Өткен жылы сәуір айында оған аталған айыптар тағылды және билігін асыра пайдалану мен мемлекеттік құпиялықтарды сыртқа шашу айыптары да қосылды. Дегенмен, Оңтүстік Кореяның жоғары соты бұрынғы президент туралы сот шешімін шығармады.

Серіктес жаңалықтары