2770
Астанада ботаникалық бақ ашылады
Астанада ботаникалық бақ ашылады
Бүгінгі таңда елордада 10 саябақ, 4 желекжол және 95 гүл бағы бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. «Қалада гүл бақтарын, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Астананың басқа да тұрғындары сияқты мен де қаламызды гүлденген мегаполис ретінде көргім келеді», деп мәлімдеді елорда әкімі Әсет Исекешев халық алдындағы есептік кездесуі кезінде.
Қазіргі таңда елордада 10 саябақ, 4 желекжол мен 95 гүл бағы бар. «Алматы» ауданында Ақбұлақ өзенінің жағасындағы бұрынғы жаяу жүргіншілерге арналған жолдары, балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдары бар ірі қазаншұңқырдың орнында пайда болған гүл бағында жүргізілген жайластыру жұмыстарын қоса алғанда 2017 жылы мұндай 6 орын ашылған болатын. Бүгінгі таңда қалада 714 мың ағаш бар. Тағы да 2,1 млн көшет қала айналасына «Елорданың жасыл белдеуі» аясында отырғызылды. «Біз қоғамдық кеңістікке зор мән береміз. Биыл біз 9 гүл бағы мен желекжолдарды жайластыратын боламыз. Қалалықтардың өтініштері ескеріліп, демалыс орындарының көбісі қаланың ескі бөлігінде апатты және көне үйлер сүрілген жерлерде пайда болады. Олардың барлығы спорттық алаңдармен жабдықталмақ», деп атап өтті әкім. Жазда елордада Ботаникалық бақ ашылады. Оның аумағы тропикалық белдеудің климаттық ерекшеліктерімен толықтай қамтамасыз етіліп, мұнда шөлді жерлердегі өсімдіктер өсірілмек. «Ол танымдылық жағынан қызықты, барлық сервистік инфрақұрылымы бар көрікті орынға айналатын болады», деді Ә. Исекешев. Бүгінгі күнге дейін 24 мыңнан астам ағаш пен 12 мыңнан астам көшет отырғызылып, жасанды су қоймасы салынды. Қалада жалпы ауданы 42 мың шаршы метрден асатын веложолдар, ауданы 23 мың шаршы метрді құрайтын жүгіру жолдары, жалпы ауданы 86 мың шаршы метрден асатын кеспе тастар төселген жолдар салынды. Сондай-ақ, шілде айында өзен жағасындағы саябақтың бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Қаламызда тұңғыш рет Шие, Алма, Емен және шетен аллеясы пайда болады.