Абаев Үкімет отырысының қазақ тілінде өткеніне қатысты пікір білдірді

Абаев Үкімет отырысының қазақ тілінде өткеніне қатысты пікір білдірді

Абаев Үкімет отырысының қазақ тілінде өткеніне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент пен Үкімет мүшелерінің қазақ тілін жақсы білетінін, алайда отырыстарда орыс тілін қолдануға тыйымның жоқтығын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz. "Елімізде қазақ және орыс және ағылшын тілінде үштілділік саясаты жүріп жатыр. Бұл мәселе өз орнымен шешіледі. Мен диванда отырып сынайтындарға қарағанда қазақ тілін білмесе де Қазақстанның нағыз патриоты болып, елдің дамуына ерекше үлес қосқандарды көптеп мысалға келтіре аламын", деді министр Үкімет отырысының үзілісінде. "Тәуелсіздігіміздің 26 жылы ішінде Үкіметте, Парламентте қазақ тілінде сөйлеуіміз тиіс. Бұл мемлекеттік тілді меңгерген деңгейіне байланысты. Қазақстанның кейбір азаматтары ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе және жеткілікті түрде қазақ тілін білмесе олардың орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп есептеймін. Тағы да қайталап айтамын, Үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар қазақ тілін жақсы меңгерген", деп мәлімдеді ол. Айта кетейік, 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде "Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс" деген болатын.