Соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

Соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

Соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды
ашық дереккөзі
296
Атырауда соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды.  Қайғылы оқиға 26 ақпан күні сағат 19.00-де облыстық балалар ауруханасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.  Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының меңгерушісі Нұрқабыл Айтмұхамбетов мәлім еткен. «Қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Баланың соқыр ішегі немесе аппендицитін алып тастау бойынша операция жүргізілді. Өкінішке орай, анестезия кері әсер берді, бұл адам ағзасының күтілетін реакцияларының бірі, содан бала қайтыс болды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды», - деді Нұрқабыл Айтмұхамбетов. Медициналық мекеменің меңгерушісі тергеу ісі аяқталғанға дейін, қайғылы жағдай туралы ақпарат беруден бас тартты. Қайтыс болған бала - Атырау қаласының тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары