Месси Мюллердің рекордын жаңартты

Месси Мюллердің рекордын жаңартты

Месси Мюллердің рекордын жаңартты
ашық дереккөзі
 «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мюнхендік «Бавария» сапында өнер көрсеткен Герд Мюллердің рекордын жаңартты, деп хабарлайды vesti.kz.  Ол бір клуб үшін өнер көрсетіп, еуропалық ең үздік бес жарыста көп гол салған футболшы атанды. 14 қаңтарда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында «Реал Соседад» қақпасына гол салды. Бұл ойын – 30 жастағы футболшы үшін «Барселона» құрамында осы турнирдегі өткізген 401-ші ойыны және 366-шы голы. 1964-1979 жылдары «Баварияның» намысын қорғаған Мюллердің есебінде Германия чемпионатында – 365 гол (427 ойын). Желтоқсанда Месси барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Мюллердің рекордын жаңартқан еді (526 гол).