Германия ең ірі атом электр стансасын жапты

Германия ең ірі атом электр стансасын жапты

Германия ең ірі атом электр стансасын жапты
ашық дереккөзі
Германия ең ірі атом электр стансасын жапты. Германиядағы Гундремминген АЭС-і жабылды, деп хабарлайды euronews.com. Германияның оңтүстігінде орналасқан АЭС елдегі ең ірі атом электр стансасы болып табылады. Ядроық энергетикаға қарсы ондаған белсенді азамат осы оқиғаны атап өту үшін Баварияға жиналды. Осыдан алты жыл бұрын Германия үкіметі 2022 жылға қарай барлық атом электр стансаларын жабуға шешім қабылдаған еді. Оған 2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-індегі апат себеп болды. Соның шешуші сәті енді туған сияқты. Бұл жағынан ядролық қаруға қарсы болған Қазақстанды да үлгі етуге болады.