2017 жылдың ең танымал неологизмдері анықталды

2017 жылдың ең танымал неологизмдері анықталды

2017 жылдың ең танымал неологизмдері анықталды
ашық дереккөзі
Жыл сайын сөздік қорымыз жаңа сөздермен толығып отырады. Massaget.kz биылғы жылы жастардың арасында танымал болған неологизмдер топтамасын жасады.  1. Хайп – шу жасауға бағытталған әрекет: Жалған атақ қуып, пиар немесе өзің-өзі жарнамалауда алдына жан салмайтын жандарға арналған жаңа неологизм – хайп. Бұл сөздің шығу тарихы анық болмаса да, YouTube көрермендерінің арасында кең танымалдылыққа ие. 2. Эщкере – паразит сөз: Рэп орындаушысы «Face»-тің мыңдаған тыңдарманы түсініксіз тілде жаңа сөздің тұсауын кесті. Әрине, мұның мағынасын тыңдармандардың барлығы жіті біле бермесе де, әйтеуір жұрттың қатарынан қалмайын деп оны да тілге тиік етті. Ал, әншінің  өзіне сенсек, бұл чикаголық гансгта (бұзақы) рэперлердің жиі қолданатын сөзі. 3. Биткоин – 2017 жылдың басты сандық валютасы: Бір кездері хакер мен желі белсенділердің ойыншығы болған криптовалюта бүгінде манызды қаржы құрылғысына айналды. Бүгінде капиталдандыру нарығында әлемдік валютаның «Топ-5» қатарына енген. 4. Спиннер – жүйкені тыныштандыруға арналған ойыншық: Әлем бір уақытта осынау ойыншықтың арбауына ілікті. Сәл ғана итерсеңіз болды, үздіксіз айналып тұратын ойыншық тек жасөспірімдің ғана емес, атақты адамдар мен бизнесмендердің де хоббиіне айналған болатын. Тіпті, Google ойыншықтың виртуалды нұсқасын жарыққа шығарды. Енді оны айналдырып қойып, бірнеше уақыт бойына монитор арқылы бақылай аласыз. Бірақ, мұның бәрі не үшін? 5. Kompromat – зиялы қауымды немесе атақты адамның атына кір келтіру үшін жинақталған ақпарат: Иә, қолыңызда компромат болса, ештеңеден қорықпауға болады. Өйткені, азғындыққа бет бұрып бара жатқан заман үшін біреуді қорқыту арқылы пайда табу аса қиынға соқпасы анық. Пайда таппаса, ғаламторға жүктеп жібереді де, адамдардың адасқанын сыртынан бақылап отырады. Тіпті, әлеуметтік желідегі кей парақшаларға кіргеннен соң, тойда билеп, көшеде артық қимыл жасауға жасқанатын болдық. Өйткені, айналамыздың барлығы компромат жинаушы болып алған.