700-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

700-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

700-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алады
ашық дереккөзі
700-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі этностың 734 өкілі еліміздің жаңа азаматы болады. Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бері 1 миллионнан астам адам еліміздің азаматтығын алғанына тоқталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен орнықты өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның әлемдегі тартымды мемлекеттердің біріне айналғанын айғақтайды. Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа азаматтарды қуана қарсы алатынымызды, оларға бақытты өмір және бұдан былай олардың да Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейтінімізді айтты. Мемлекеттік хатшы жаңа отандастар еліміздің лайықты азаматы болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, басқосу барысында Сыртқы істер министрлігінің жекелеген бағыттар бойынша қызметінің қорытындылары талқыланды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.