Сенаторлар ұстаздар жалақысын көтеруді ұсынды

Астана қаласының мектептерін аралаған сенаторлар мұғалімдердің еңбекақысын көтеру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Арнаның хабарлауынша, бүгін депутаттар № 23 орта мектептің оқу үдерістерімен танысып, ұстаздар мен оқушыларды әңгімеге тартты. Мектеп психологтары мен мұғалімдер дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мәселесін көтерді.

Шетелдік озық тәжірибелерді мысал еткен сенатор Бірғаным Әйтімова: «Мұғалімдерді әлеуметтік тұрғыда қолдау керек», – деді. Депутаттың пікірінше, алдымен мұғалімнің еңбекақысын көтеріп қана қоймай, оларға морльдық тұрғыда қолдау көрсету қажет. Көшпелі отырыста  оқулықтағы олқылықтар да сөз болды.

Сенатор Серік Бектұрғановтың пікірінше, Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын дұрыстап жүргізуі керек. Сонда ғана оқулықтарға қатысты келеңсіз оқиғалар мен қателіктердің алдын алуға болады.

Back to top button