Елімізде 2 жаңа радиоарна эфирге шығады

Елімізде 2 жаңа радиоарна эфирге шығады

Елімізде 2 жаңа радиоарна эфирге шығады
ашық дереккөзі
Елімізде жаңа екі радиоарна эфирге шығады. Бірінші радиоарна - «Тамаша FM» республика аумағында тараса, «Бизнес-FM» Астана мен Алматы қалаларында xабар таратпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Бизнес FM»-ның аты айтып тұрғандай, барлық жаңалықтар бизнесмендерге арналады. Ал «бизнес» дегеніміз не? Спорт, кино, теледидар, ауыл шаруашылығы - бұның бәрі бизнес. Былайша айтқанда, айналадағы өмірдің өзі - бизнес. Сондықтан біз осы өмірде ақшаны қалай тауып жатырмыз және оны қалай жұмсаймыз, осы орайда әңгіме қозғайтын боламыз. Музыка да болады. Тілдің 50/50 қағидаты да сақталады. Біздіңше, қазақ тілінің үлесі 60 пайызға жетуі әбден мүмкін. Бағдарламаларға беделді сарапшылар ғана емес, мемлекеттік органдардың қызметкерлері де қатысады», - деді «Бизнес FM» ЖШС директоры Олег Абдулкабиров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, компанияның құрамына «Тамаша FM» радиосы да кіреді. Ол таза мемлекеттік тілде барлық республикаға таралатын болады. Негізгі мақсаты - көңіл-күйді көтеру. Жанры - әзіл-сықақ. «Ресейде «Юмор FM» деген радиоарна бар. «Тамаша FM» да сондай болады. Эфирде әзіл-оспақтардан бөлек музыка да беріледі. Радиоқұрылғылар уақытында жеткізілсе, келесі айдың аяқ жағына қарай радиоарналар эфирге шығатын болады», - деп атап көрсетті О.Абулкабиров. Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» апталығы басталды.  Шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.