Қазақстан Конституция күнін атап өтті

Қазақстан Конституция күнін атап өтті

Қазақстан Конституция күнін атап өтті
ашық дереккөзі
 Қазақстанда 1995 жылы қабылданған конституцияның құрметіне демалыс жарияланған. Бұл конституциясында зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жарияланған. Кейбір сарапшылар Қазақстан конституциясын елдің дамуының тірегі болды, тұрақтылықтың кепілі, бұл мемлекеттегі адам құқықтарын қамтамасыз еткен басты құжат деп сипаттаса, кей белсенділер мен саясаткерлер елді авторитарлық режимге кіріптар еткен құжатты даму жолындағы кедергі санайды. Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.