Банктердің жыл басынан бергі шығыны - 200 миллиард теңге

Банктердің жыл басынан бергі шығыны - 200 миллиард теңге

Банктердің жыл басынан бергі шығыны - 200 миллиард теңге
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері банктердің шығыны 200 млрд теңгеге жеткен. Бұл провизияларды қалыптастыру шығындарының артуымен байланысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, жүйедегі қарыз портфелі бойынша провизия 2,16 трлн теңге немесе 1,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Қайтарылмайтын кредиттердің көлемі 10,7%-дан 12,8%-ға, 1,72 трлн теңгеге жеткен. Қазақстандық банктерінің жалпы активтері жыл басынан бері 6,8%-ға төмендеп, 23,8 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ, Данияр Ақышев қазіргі уақытта банк нарығында өтімділіктің артықшылығы бар екенін және Қазақстанның 15 ірі банкінің 9-ы несие көлемін ұлғайтқанын атап өтті. Шілде айында банктер арқылы экономиканы кредиттеу 0,7%-ға өсіп, 12,79 трлн теңгеге дейін жеткен. Ал салалар бойынша ең көп кредит саудаға ( 18,7%), өндіріске (14,2%), құрылысқа (7,6%), ауыл шаруашылығына (5,9%) және транспорт 4,6% саласына берілген. Бұдан бөлек экономиканың долларсыздануы жалғасып жатыр. Долларизация деңгейі шілде айында 1,1%-ға төмендеп, 48,6%-ға дейін азайған. Бас банкирдің сөзінше, бұл теңгенің девальвацияға ұшырауы мүмкін деген қауесетке байланысты болған.