Шекарадағы «Сладкое» көлі кімге тиесілі?

Шекарадағы «Сладкое» көлі кімге тиесілі? Таяуда ресейліктер Қазақстанға көл сыйлады деген ақпарат баспасөз беттерін толтырған еді. Шын мәнінде, аталмыш көлді шекара сызығы басып өтеді екен. Олай болса, көлдің екі жағалауы екі мемлекеттің еншісінде болмақ.

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясы Новосибирск облысындағы Сладкое өзеніне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды  Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы 2017 жылдың 8 маусымында Павлодар мен Новосибирск облыстары арасына шекара белгілерін орнату жұмыстарын бастады. Сладкое көліндегі шекара бөлігіне қатысты комиссия делимитациялық картада мемлекеттік шекара сызығын бөлетін су қоймасы 70:30 арақатынасымен Қазақстанға тиесілі екендігін анықтады. «Қазіргі уақытта аталған шекара бөлігінде ешқандай реттеу және айырбас жасалған жоқ және орналастырылған шекара белгілері комиссия бекіткен делимитация материалдары және жобалық бағыт материалдарына толықтай сәйкес келеді» – делінген хабарламада.

 

 

Back to top button