Алакөлге апаратын тасжол 2021 толық жөнделіп бітеді

Алакөлге апаратын тасжол 2021 толық жөнделіп бітеді. Алакөлге баратын тасжолды жөндеу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады.  «Туристік аумақтарға апартын автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» биыл жолды толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алакөлге апаратын Талдықорған – Өскемен тасжолының 763 шықырымы жөнделеді. Мердігерден жұмыс аяқталған кезде қабылданады», – дейді компания өкілдері.  Бұл жоба халықаралық қаржы институттарының қаражатына жүзеге асырылады.

 

Back to top button