Дубай соты 49 жастағы қазақстандыққа 550 доллар айыппұл салды

Дубай соты 49 жастағы қазақстандыққа 550 доллар айыппұл салды

Дубай соты 49 жастағы қазақстандыққа 550 доллар  айыппұл салды
ашық дереккөзі
215

Дубайда БАӘ полиция қызметкеріне қастандық жасады және бөлімшеге жүруін талап еткенде қарсылық көрсетті деп айыпталған қазақстандық азаматқа жаза тағайындалды. Бұл туралы Eturbonews-ке сілтеме жасай отырып tengrinews.kz хабарлады. Жат елде жүрген 49 жастағы ер азамат үш айға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оған 550 доллар көлемінде айыппұл салынды. Тағы бір айта кетерлік жайт, сот шешімі бойынша қазақстандық азамат тиісті жазасын өтеген бойда елімізге қайтарылатын болды. Келеңсіз оқиға 2014 жылдың 4 желтоқсанында болған еді. Ер адамның айтуынша, ол тәртіп сақшысынан сауда үйіне баратын жолды сұраған. Ал 21 жастағы полицей қыз қазақстан азаматы өзін бірнеше рет ұстағанын айтты. Құқық қорғаушының сөзіне сенсек, бөлімшеге жүруін талап еткенде ер адам қарсылық көрсеткен. ҚР Дубай қаласындағы Бас консулдығы қазақстандық азаматты бостандыққа шығару үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатқанын хабарлады. Біздіңше, кінәсі дәлелденді екен, ер адамның жазасын өтегені дұрыс. Өзге елдің азаматы болсаң, жергілікті жердің заңын аяққа таптауға болады деп кім айтты?

Серіктес жаңалықтары