Тәжік имамдары үш елідей сақал өсіруге болатынын айтады

Тәжік имамдары үш елідей сақал өсіруге болатынын айтады

Тәжік имамдары үш елідей сақал өсіруге болатынын айтады
ашық дереккөзі
Сақалды үш еліден артық өсіруге болмайды. Тәжікстанның жергілікті имам-хатибтары жергілікті тұрғындарға осындай кеңес беріп жатыр. Жергілікті билік те осы ұстанымды насихаттау керек дейді. Билік өкілдерінің сөздерінше, үш елідей сақал тәжіктің діні мен мәдениетіне сәйкес келеді. Дусти ауданы орталық мешітінің имам-хатибы Насрулло Файзуллоев биліктің бұл үндеуін қолдайтынын айтады. Оның сөздерінше, ханафи мазхабын таратушылардың сақалдары жұмылған жұдырықтан үлкен болмаған. Тәжікстанның Ислам орталығы 2012 жылдың қараша айында осындай ереже қабылдаған екен. «Моя сақалымды осы ережеге сәйкестендіріп өсірдім. Бірақ аудан билігі сақалымды қысқартуға кеңес берді. Қазір үш еліден аспайды», - дейді имам-хатиб. Тәжікстанда екі жыл бұрын сақалға қарсы жаппай кампания жүрген. Милиция қызметкерлері сақалын өсірген жүздеген ер адамды ұстап, мәжбүрлі түрде сақалдарын алған. Кейбіріне 150 сомони көлемінде айыппұл салған.