Шенеуніктің жұмысына көңілі толмаған талдықорғандық белсенділер оның суретін көшеге іліп тастады

Шенеуніктің жұмысына көңілі толмаған талдықорғандық белсенділер оның суретін көшеге іліп тастады

Шенеуніктің жұмысына көңілі толмаған талдықорғандық белсенділер оның суретін көшеге іліп тастады
ашық дереккөзі
Талдықорғанда қоғам белсенділері облыстық монополияға қарсы күрес басқармасы басшысын қызметке лайық емес деп айыптап, оның суретін қала көшесіне іліп тастаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 
“Осы жылы сәуір айында “Жетісуэнерготрейдті” заңсыз көтеріп, жарық бағасын аспандатты, ал мамыр айында оны менің шағымым бойынша алып тастады. Қазір “Теплосервис” 200 миллионды қайтарып жатыр. Осындай заңсыздықтардан кейін мен сенбеймін”, – дейді қалалық қоғамдық палатаның мүшесі Любовь Гаркуша. Ал Тұрсынбай Галинов болса негізсіз өзін айыптап, абыройына нұқсан келтіргендерді сотқа беретінін мәлімдеді. Ал айыптауға қатысты коммуналдық қызметкерлерді кінәлайды. Олар ақшаны дұрыс пайдаланбай отыр дейді. “Билбордқа келетін болсақ, бұл әркімнің өз ісі. Гаркуша департамент кезінде сарапшылар құрамында болған, сол себепті ол квалификациялық талап бойынша жаңа құрамға енбей қалды. Сондықтан ол үнемі жамандап, енді билборд іліп қойыпты”, – дейді Алматы облыстық табиғи монополияларды бағдарлау агенттігі жетекшісі Тұрсынбай Галинов.