Ұлттық музейден Напалеонның семсерін көруге болады

Ұлттық музейден Напалеонның семсерін көруге болады

Ұлттық музейден Напалеонның семсерін көруге болады
ашық дереккөзі
1264
Елорда тұрғындары мен қонақтары «Шығыс және Батыс: мемлекеттік Эрмитаж жиналымынан көне қару-жарақ» көрмесінен императорлардың сайыс қылыштары мен серілік сауыт-саймандарды, қанжарларды көре алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Көрмеге қару-жарақ өнерінің үздік туындылары қойылған. Экспозицияда 70-тен астам зат: Түркиядан, Ираннан, Үндістаннан Жапониядан, Франциядан, Италиядан және де өзге мемлекеттерден жауынгерлік, аңшылық, шерулік қарулар жеткізілді деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталық тілшісіне ҚР Ұлттық музейінің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Құмар Жүнісов. -Көрменің жылнамалық шегі қару-жарақ қолөнерінің 400-ден астам жыл бойғы даму тарихи кезеңін – XV ғасырдан XIX ғасыр соңына дейін қамтиды, - деді Қ.Жүнісов. Көрме қарулардың даму тарихынан және оларды жасаушы шеберлердің талантынан сыр шертеді. -Экспонаттар арасында ерекше қару бар – ол Наполеон Бонапарттың семсері бар. Оны ол император І Александрға Тильзиттік бейбітшілік келісіміне қол қою кезінде сыйға тартқан, - деп атап өтті Жүнісов. Қару-жарақ өнерінің экспозициясы халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтуіне орайластырылған және 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары