30 қылмыс жасаған адам азаматтықтан айрылады

30 қылмыс жасаған адам азаматтықтан айрылады

30 қылмыс жасаған адам азаматтықтан айрылады
ашық дереккөзі
417
Қазақстандықтар қылмыстық кодекстің 21 бабы бойынша қосымша жаза ретінде азаматтықтан айырылатын болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл заң аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыруды қарастырады. Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделіп отыр. Осылайша, қылмыстық кодекстің 10 бабында көзделген 14 аса ауыр террористік қылмыс құрамдары бойынша азаматтықтан айыру көзделген. Мысалы, терроризм актісі үшін, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін осындай қосымша жаза қарастырылмақ. Қалған 11 бап Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізуге байланысты. "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңға сәйкес негізгі ұлттық мүдделерге Конституциялық құрылыстың тұтастығы жатады. Бұл ұғымға елдің тәуелсіздігі, біртұастығы және президенттік басқару нысаны кіреді. Қазақстанның негізгі ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізетін қылмыстарға 11 бапта көзделген 16 қылмыс құрамдары кіреді. Мысалы, геноцид, сепаратистік әрекет, экстермистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу. Бұл жазаны сот ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттердің және әкеп соққан зардаптың ауырлығын, істің нақты мән-жайын негізге ала отырып тағайындайды. Азаматтықтан айыру соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде уәкілетті органда тіркеледі.    

Серіктес жаңалықтары