Елімізде 900 медициналық мекеме ғаламторға қосылды

Елімізде 900 медициналық мекеме ғаламторға қосылды

Елімізде 900 медициналық мекеме ғаламторға қосылды
ашық дереккөзі
361
Елдегі дәрі-дәрмек бағасын қатаң қадағалау үшін үкімет жаңа заң жобасын әзірлеп, Парламентке ұсынады. Бұл салада атқарылатын маңызды міндеттерді бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. Сондай-ақ ол дәрігерлерді қағазбастылықтан арылту жайы мен медициналық мекемелерді ақпараттық жүйемен қамтуға қатысты қам-қарекеттерге тоқталды. Үкімет мүшелері бүгін денсаулық сақтау мәселесіне мән беріп, медициналық мекемелерді компьютерлік техникамен жабдықтау жайын сөз етті. Ведомствоның жауапты өкілі бұл саланы дамыту кезек күттірмейді дейді. Бір ғана мысал. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай сынды 7 облыстың дәрігерлері керек-жараққа қолы жетпей, қағазбастылықтан арыла алмай келеді. Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: – Электрондық денсаулық паспорты, науқастың жеке кабинеті және дәрігерлердің жеке кабинеті құрылатын болады. Оларды енгізу үшін, әрбір медициналық ұйым пациенттер туралы деректерді ұсынуы үшін қажетті компьютермен және ақпараттық жүйемен қамтылуы тиіс.  

Серіктес жаңалықтары