Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті

/
Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті
ашық дереккөзі
Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті Жапониядағы су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 25 адам қаза тапты. Бұған дейін 15 тұрғынның көз жұмғаны хабарланған еді. Тағы ондаған кісі із-түссіз жоғалып кетіп, әлі табылмай жатыр. Ал елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралындағы табиғат апатына өткен аптада басталған нөсер себеп. Салдарынан тасыған су мен лай көшкіндері үйлерді және тас жолдарды қиратып кетті. Апаттан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Іздестіру-құтқару жұмысына мыңдаған маман мен әскерилер тартылған. Қазір олар лай көшкіні жүреді деген қауіпті аудандарға қарай өтуге күш салып жатыр. Ал ауа райын болжау қызметі аралда жауынның әлі жалғасатынын айтады.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары