Қорғансыздың күні

Қорғансыздың күні

Қорғансыздың күні
ашық дереккөзі
349
Ақтөбеде анасы қаза болған соң баспанасынан айырылған Сарқұловтар әулетінің төрт баласы қазір жалдамалы пәтерде жүр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұраған жетімдерге облыстық қаржы басқармасынан ресми жауап келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласында тұратын Сарқұловтар отбасындағы жағдайды бұған дейін хабарлаған едік. Қазіргі уақытта 4 жетім бала жергілікті жанашырлардың көмегімен пәтер жалдап отыр. Таяуда ғана Ақтөбе облыстық қаржы басқармасынан ресми жауап келді. «Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болған кезде банктегі қарызды қайтаруға көмектесу туралы айтқан болатынсыз... Жеке адамның екінші деңгейлі банк алдындағы қарызын бюджет есебінен төлеу ҚР Заңнамасында қарастырылмағанын хабарлаймыз. Егер екінші деңгейлі банктің шешімімен келіспесеңіз сотқа жүгінуге құқығыңыз бар»,- деп жазылған облыстық қаржы басқармасының басшысы Г. Сүйінтаева жауап берген хатта. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, өз өтінішін білдірген үйдің үлкені Абай Жұмабаев қазір кімнен көмек сұрап, қайда барарын білмей отыр.  

Серіктес жаңалықтары