Әлемдегі ең көне банктердің бірі Monte dei Paschi di Siena (Монтэ дей Паски ди Сиена) дағдарысқа ұшырады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қаржы институты
9 млрд еуроға жуық капиталының орнын осылай толтырмақшы.
«Біздің амалымыз жоқ. Сондықтан өзімізді сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Жұмыс сапасын жақсарту үшін құрылымдық өзгерістер өткізуге кірістік», — деді қаржы институтының бас директоры Марк Морелли.
Банк 2021 жылға дейін 29 млрд еуро көлеміндегі қайтарылмайтын несиелерін Атлант 2 инвестициялық қорына сатады. Одан бөлек, банк қызметкерлерінің саны 5 жарым мың адамға қысқарып, 2000 бөлімшенің 600-і жабылады. Нәтижесінде банк 2021 жылға дейін
1 млрд 200 мың еуро таза табыс түсіруді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін қаржы мекемесінің бас директоры Марк Морелли 4 жылға арналған қайта құрылымдау жоспарын таныстырған болатын. Bloomberg бұл жоспардың банкті дағдарыстан алып шығуға арналғанын жазады.