Моңғолияда өткен президенттік сайлауда елдегі демократиялық партияның өкілі Халтмаагийн Баттулга жеңіске жетті. Бұл туралы Моңғолия Бас сайлау комитетінің жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн мәлімдеді.
Содномцэрэннің айтуынша, Баттулга 611 226 дауыс (50,61%) жинап, Моңғолияның жаңа президенті болып сайланды. Ал Моңғол ұлттық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболд 41,16 (497 мың 67 дауыс) пайыз дауыс жинаған.